Шымкент көгілдір отынмен 92 пайызға қамтылған

Сайт әкімшілігі

24.11.2020, 22:25

283

Бүгін Премьер-министр Асқар Мамин онлайн форматта өткен Үкімет отырысында министрлер мен өңір басшыларына елді мекендерді газдандыруды белсенді түрде жалғастыруды тапсырып, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жаңа Кодекс әзірленгенін мәлімдеді.

Үкімет басшысының сөзінше, 2025 жылы газдандыру деңгейі 60 пайызға жетіп, 2120 елді мекен немесе 11,7 млн тұрғын қосылады.

Жиында 2020 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша газдандыру деңгейі 90 пайыздан асатын неғұрлым газдандырылған өңірлерді аталды. Мұндай өңірлер қатарына кіретін Атырау облысы – 99,6, Маңғыстау облысы – 99, Алматы қаласы – 98,8, Батыс Қазақстан облысы – 96,2, Шымкент қаласы – 92,1 және Ақтөбе облысы – 90,1 пайыз газдандырылған.

Сонымен қатар Үкімет басшысы 2025 жылға дейін ормандардың аумағын 500 мың гектарға ұлғайтып, 2 млрд-тан астам ағаш отырғызу жоспарланғанын атап өтті.

Сондай-ақ, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау, Ақтөбе, Тараз қалаларында қоқыс өңдейтін зауыттардың 6 пилоттық жобасын іске қосу жоспарланғанын мәлімдеді. Бұл кемінде 200 млрд теңге жеке инвестиция тартуға және қатты тұрмыстық қалдықты өңдеу үлесін 30 пайызға дейін жеткізуге мүмкіндік береді.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 17:30
Жазғы лагерьлерге баратын балалардың саны артты
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 10:00
Жастар қолдауды күтеді...
Сайт әкімшілігі 26.05.2022, 16:15
Қазақстанның ЮНЕСКО-ға мүше болғанына 30 жыл
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 26.05.2022, 12:00
Шымкентте «Alan» халықаралық мектебі пайдалануға беріледі
Сайт әкімшілігі 23.05.2022, 10:30
Келесте 14 мал ұрлығына қатысы бар топ ұсталды
Сайт әкімшілігі 23.05.2022, 09:43
Коронавирус жұқтырған жеті қазақстандық ауыр жағдайда жатыр

Аңдатпа


  • Анамның тілі алаңдатады...
    26.05.2022, 08:40
  • «Дауылпаз ақынның» даңқы мен дақпырты
    26.05.2022, 08:38
  • Газеттер дар алдында тұр!
    26.05.2022, 08:35
  • Қазақ кредитке кіріп тұрып қуанады
    25.05.2022, 07:48
  • Қарашөкеевтің қиялы шаруалардың шамына тиіп жүр
    25.05.2022, 07:47