Шымкентте 600-ден астам отбасы атаулы әлеуметтік көмекті заңсыз алған

Сайт әкімшілігі

30.11.2022, 08:54

3841

Шымкентте атаулы әлеуметтік көмек алған 600-ден астам отбасы жәрдемақыны қайтаруға тиіс, деп хабарлайды Жас Алаш Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.

 Өйткені олар заңсыз алған. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының өкілдері осылай деп отыр. Заң бұзғандар табыс көзін жасырып, жалған анықтама жасатқан.

әтижесінде мемлекет қазынасына 30 млн теңгеден астам шығын келді. Тұрғындардың бір бөлігі алғашқы хабарландырудан соң, ақшаны өз еркімен қайтаруды ұйғарған. Ал 219 отбасының ісі сотқа өтті. Биыл атаулы әлеуметтік көмекке өтініш берушілер 66,5% азайды. Мамандардың айтуынша, тұрғындардың көбі жұмысқа тартылған. 

 «Өз еркімен 391 отбасы 17 млн 502 мың теңгені мемлекеттің қазынасына қайтарып берді. Қазіргі таңда 219 отбасы қайтармауына байланысты біз сотқа бергенбіз. 200 отбасы соттың оң шешімін алып, 19 іс қазір соттың қарауында. Біреулер екі квартал алған. Біреу 3 квартал алған. Біреуі бір квартал бойы алған. Әр отбасы әр түрлі», — деді Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Балмаржан Нарбекова.

Тегтер: 30 млн теңге атаулы әлеуметтік көмек әлеуметтік қорғау басқармасы заңсыздық

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Бекен ЕЛУБАЙҰЛЫ 07:32
Жемқорлықтың «сорпасын» қайнатып жүргендер көп
Нұрболат ӘЛДИБЕК 02.02.2023, 11:26
Жамбылда университет жұмысшылары бас көтерді
Бектұрған ЛАҚАДЫЛ 31.01.2023, 13:46
Шағын ауданның аты затына сай емес
Сайт әкімшілігі 31.01.2023, 09:46
Алматы облысында жантүршігерлік жол апаты болып, екі адам көлікте жанып кетті
Сайт әкімшілігі 30.01.2023, 08:24
ШҚО-да биылғы жылыту маусымында өрттен көз жұмғандар 16% артты
Сайт әкімшілігі 30.01.2023, 08:20
Төрт өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Аңдатпа


  • Жемқорлықтың «сорпасын» қайнатып жүргендер көп
    07:32
  • Ресей Путиннен қашан құтылады?
    07:17
  • Қайдасың, инвестор?
    07:23
  • Зүлфия-ау, ит құрлы құнымыз болмады ма?!.
    02.02.2023, 07:20
  • Әкімдер ай қарап жүр ме?
    02.02.2023, 07:16