Шымкентте дрон шығарылады

Сайт әкімшілігі

16.11.2020, 15:33

354

Шымкент қаласында «RoboAvia» компаниясы «Made in Kazakhstan» белгісі бар ұшқышсыз ұшақ аппараттарын жасап шығарады. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қала әкімі Мұрат Әйтенов Қаратау ауданына барған сапарында Тассай тұрғын алабындағы аталған өндіріс ошағының жұмыс барысымен танысты.

«RoboAvia» жеке кәсіпорны 2015 жылы құрылған. Заманауи жоғары технологиялық ұшқышсыз ұшу аппараттарын шығару және пайдалану бойынша отандық кәсіпорын. Сондай-ақ, Қазақстандағы роботтандырылған әуе құралдарын басынан бастап шығаратын жалғыз компания.

Серіктестіктің басты басымдығы — «Sapsan -3000» аппараты. Электр қозғалтқыштан қуат алатын мақтаулы ұшақ жұмыс барысында 4-5 сағат тоқтаусыз әуеде қалықтайды. Сағатына 110 шақырым жылдамдықпен ұшады. 40 шақырым градус айналасында операторлармен байланыста болады. Бұл өнімге сұраныс өте жоғары.

Бұл кәсіпорында 38 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Өндіріс орны толық қуатында жылына 120 роботтандырылған ұшақ шығаруға қауқарлы.

Дронды ұшақтарды пайдаланудың маңызды артықшылығы – үлкен аумақтарды нақты уақытта қарау және автоматты патрульдеу мүмкіндігі. Пилотсыз ұшу аппараттарын бір күн пайдаланғанның өзінде 8000 гектардан асатын аэрофототүсірілім жасауға болады (ұшу биіктігі 1500 м). Сонымен қатар, бұл ұшақтардан түсірілген аэротүсірілім биіктіктен суретке түсірудің барлық әдістерінен әлдеқайда жақсы. Бұл ұшу апараттары мұнайдың төгілуі мен ағып кетулерін анықтайды, инфрақұрылым мен кіретін жолдардың жағдайын талдайды. Аэрофототүсірілім нәтижелеріне сүйене отырып, олардың көмегімен заңсыз мұнай айдау, бөтен көліктер мен құрылымдар, заңсыз жерді пайдалану және басқа да рұқсат етілмеген іс-әрекеттер анықтауға мүмкіндік береді екен.

Алып кәсіпорынның жұмысымен танысқан Шымкент қаласының әкімі ұшқышсыз аппараттардың мүмкіндігін пайдалана отырып, барлық салада тиімді пайдалану тұстарын зерделеуді және қолдану қажеттігін айтты.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 10:30
Келесте 14 мал ұрлығына қатысы бар топ ұсталды
Сайт әкімшілігі 09:43
Коронавирус жұқтырған жеті қазақстандық ауыр жағдайда жатыр
Сайт әкімшілігі 21.05.2022, 19:13
Шымкенттегі жарылыс: Оқиға салдарынан бір нәресте шетінеді
Сайт әкімшілігі 21.05.2022, 18:29
Шымкент:Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы жарылысқа байланысты шұғыл брифинг берді
Нұр-Қасым ЖОМАРТ 20.05.2022, 11:50
Кәсіпкерлік ортаның бәсекесі қыза бастады
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 19.05.2022, 11:25
Қарағанөзектік балалар өлімге бас тігіп жүріп білім алуда

Аңдатпа


  • Келесте 14 мал ұрлығына қатысы бар топ ұсталды
    10:30
  • Мусин міз бақпайды
    19.05.2022, 08:52
  • Сор болған стрестік активтер
    19.05.2022, 08:56
  • Балалар жылында балалар неге шеттетіледі?
    19.05.2022, 08:40
  • Қалтырауық үкімет
    18.05.2022, 06:20