Шымкентте «Малахит» платформасы іске қосылды

Сайт әкімшілігі

19.09.2020, 08:41

408

Шымкент қаласында биыл мүмкіндігі шектеулі балаларды қоғамға бейімдеу, білім беру бойынша жүйелі шаралар қабылданған.

Бұл жөнінде толығырақ Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов «Шымкент — адалдық алаңы» жобасының ANTIKOR LIVE тікелей эфирінде айтты.

— Биыл мүмкіндігі шектеулі балалардың кедергісіз білім алуын қамтамасыз ету мақсатында «МАЛАХИТ арнайы білім беру ұйымдарының қызметтері» платформасын іске қостық. Онда арнайы білім беру ұйымдары көрсететін қызметтерді кедергісіз алуға мүмкіндік жасалған, — деді Мұрат Дүйсенбекұлы.

Сонымен қатар, ол техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жолға қою, сұранысы жоғары мамандықтардың тізбесін қалыптастырып, олардың экономиканың қозғаушы күші ретіндегі рөлін жоғарылату мақсатында атқарылған жұмыстарды баяндады.

Қала әкімінің айтуынша, бұл бағытта «College Smart Nation» порталы енгізілген.

Аталған портал студенттерді оқуға қабылдауды, қажетті анықтамаларды электронды жүйе арқылы алуды және тегін тамақпен қамтамасыз етуді қарастырады екен.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 13:15
Дәрігерлер тұрғындарға үндеу жасады
Сайт әкімшілігі 10:48
Қырғызстанда жоғалған қазақстандық қыз өлі табылды
Сайт әкімшілігі 09:24
Еліміздің барлық өңірі «қызыл» аймақта тұр
Гүлжан СЕРІКҚЫЗЫ 30.07.2021, 17:53
Ішкі туризмнің халі қалай?
Сайт әкімшілігі 30.07.2021, 17:51
Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі: мемлекетке сену құқығы
Сайт әкімшілігі 30.07.2021, 17:49
Жаңа кодекс қазақстандықтарды қалай қорғайды?

Аңдатпа


  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58
  • Ташкенттен «Жас Алаш» газетінің түпнұсқасы табылды (видео)
    07.07.2021, 13:15