Шымкентте заманауи тұрғын үй орамы салынады

Сайт әкімшілігі

13.09.2020, 16:31

146

Шымкент қаласындағы Тұлпар көлінің маңында заманауи тұрғын үй орамы бой көтереді. Жобаның таныстырылымына  Премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр мен Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қатысты. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Ауданы 500 мың шаршы метртді құрайтын орамның құрылысын отандық «BI Group» компаниясы жүргізеді. Олар озық технологияларды қолдана отырып, комфорт және бизнес санаттағы тұрғын үй салуды жоспарлап отыр.

– Біз әлеуметтік инфрақұрылымға жіті көңіл бөліп отырмыз. Жоба мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында іске асырылады. 6 жыл ішінде 1500 орындық жаңа мектеп пен емхана салынады. Тұрғын үйлердің бірінде балабақша болады. Сондай-ақ, Тұлпар көлінің жағалауын абаттандыру жоспарланған — деді компания басшысы Айдын Рахымбаев.

30 гектардан астам аумақты қамтитын жобаның құрылысы 2021 жылдың көктемінде басталады. Ол дендро саябақ, зообақ және "Қазына" этнопаркінің маңайында орналасады.

Бәйдібек би даңғылындағы ипподром қаланың бас жоспарына сәйкес, жаңа орынға көшіріледі. Айта кету керек, аталған компания оны өз қаржысы есебінен салады.

Сондай-ақ, нысанды салу кезінде 8500-ден астам жұмыс орны ашылып, оның ішінде 2500-і қызмет көрсету саласында болады. Құрылыс материалдарын өндіру, арнайы техниканы жалға алу, жиһаз бен тұрмыстық құралдарды сату белсенді дамиды деп күтілуде.

Инфрақұрылымы жан-жақты дамитын жаңа орам заманауи, әрі экологиялық тұрғыда таза болмақ. Үй қасбеттері еуропалық панельдерден тұрса, тұрғындар мен қонақтардың жайлылығы үшін жобаларды басқарудың жаңа жүйелері мен «Smart Home» ақылды үй қызметін енгізу жоспарланып отыр.

Жобаға сәйкес мұнда демалыс орындары, спорт және балалар алаңшалары, жаяу жүргіншілер, жүгіру және велосипед жолдары салынады. Ал, тұрғын үйлердің бірінші қабаттары коммерциялық үй-жайларға беріледі.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

М.СӘУЛЕБЕК 14:15
Министр штаб отырысын Шымкентте өткізді
Б.СӘРСЕНБИ 12:59
Түркістанда 25 тойхана жабылды
Миуа БАЙНАЗАРОВА 09:18
Қашпаған сиырдың уызынан дәметіп отырмыз
Сайт әкімшілігі 04.08.2021, 16:32
Алматы облысында демалыс күндері локдаун жарияланады
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 04.08.2021, 12:03
Қараусыз қалған аулалар, қоқыс басқан Қарағанды
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 04.08.2021, 08:58
Ермекбаев айтқан «диверсия» дәлелденді ме?

Аңдатпа


  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58