Сот ашықтығы уақыт талабы

Ерзия ЕРСҰҢҚАР

09.03.2022, 06:29

943

Құқығы бұзылған азаматтардың соңғы жүгінетін жері сот. Сондықтан аталмыш органның «қарақылды қақ жарған» әділдігі ғана емес, халық сеніміне лайықтылығы, барынша ашықтығы да маңызды. Осы орайда соңғы жылдары еліміздің сот жүйесіне енгізілген реформалардың қай қайсысы болса да халықтың сотқа деген сенімін арттыруға, саланың ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз етуге бағытталған.

Судьяларға дасот төрелігін уақытылы, заң талаптарына сай, әділетті және сапалы атқару талаптары қойылуда. Кешенді түрде жүргізілген осындай жұмыстардың арқасында елімізде уақыт талабына сай сот төрелігі қалыптасып келеді. Сот жүйесінің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз етуде сот жүйесінің цифрлы технологияға бет бұруы үлкен рөл атқарып отыр. Сотқа келіп түскен істердің өзі арнайы жүйе арқылы бөлініп, ешкімнің таңдау құқығы есепке алынбай, судьялардың бұра тартуының, халықтың көңілінде күдік тууының алды алынуда.

Сондай-ақ қазіргі таңда барлық сот кабинеттері арнайы бейне-жазба құрылғыларымен қамтамасыз етіліп, барлық сот отырыстары таспаға жазылуда. Бейне құрылғыларға жазылған таспаны өзгертуге ешкімнің құқығы жоқ. Тіпті судьялардың өзі оны өзгертіп, түзету мүмкіндігі қарастырылмаған. Мұндай қызмет сотқа жүгінген азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін шынайы қорғаудың сапасын одан әрі арттыра түсіп, сот ашықтығын арттыра түсері анық. Ал заманауи ақпараттық технологиялар көмегімен енгізілген «Төрелік» ақпараттық жүйесі арқылы сотта қаралатын істерді бақылап отыру мүмкін болса, «Сот кабинеті» сот органдарының онлайн қызметіне қолжетімділікті арттырып отыр. Аталмыш қызмет арқылы кез келген азамат немесе оның заңды өкілі үйде отырып-ақ өзіне ыңғайлы уақытта, сот құжаттарын, істегі мәртебесін қарап, сот актісін басып шығару да мүмкіндігі бар. Мұның барлығы сот ісінің ашықтығын қамтамасыз етіп, сот қызметін қолжетімді ете түскенін мойындауымыз керек.

Өз кезегінде сот отырыстарын тікелей бейнеқондырғылар арқылы жазып отыру сотқа қатысушылардың барынша өзін мәдениетті ұстауына да ықпал ете бастағандай. Бұрынғыдай емес сот отырыстарының талапқа сай өте бастауы аңғарылған. Судьялардың өз шешімін түсіндіруді міндеттеу де салаға ашықтық енгізудің бір мысалы. Нәтижесінде бүгінде сот процестеріне қатысты арыз-шағым­дар әлдеқайда азайғаны байқалуда. Бұл да болса халықтың сот жүйесіне сенімі артып келе жатқанын, қоғамымызда ашықтық әрекеттерінің байқалуына ықпал етуде.

Атап өтер жайт, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған жолдауларында да нақ осы сот жүйесіне халық сенімін арттыру ерекше атап өтілуде. Демек, сот жүйесінің ашықтығы, мұнымен тоқтап қалмайды, уақыт талабына сай жетілдіріле береді. Өйткені сот жүйесінің ашықтығы азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін арттыратын бүгінгі күннің басты талабы болып отыр.

Тегтер: сот қылмыс тергеу тексеру

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 23.05.2022, 10:30
Келесте 14 мал ұрлығына қатысы бар топ ұсталды
Сайт әкімшілігі 23.05.2022, 09:43
Коронавирус жұқтырған жеті қазақстандық ауыр жағдайда жатыр
Сайт әкімшілігі 21.05.2022, 19:13
Шымкенттегі жарылыс: Оқиға салдарынан бір нәресте шетінеді
Сайт әкімшілігі 21.05.2022, 18:29
Шымкент:Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы жарылысқа байланысты шұғыл брифинг берді
Нұр-Қасым ЖОМАРТ 20.05.2022, 11:50
Кәсіпкерлік ортаның бәсекесі қыза бастады
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 19.05.2022, 11:25
Қарағанөзектік балалар өлімге бас тігіп жүріп білім алуда

Аңдатпа


  • Не істеу керек?
    24.05.2022, 08:00
  • Қазақстан шекарасын «қарақшы» күзетеді (видео)
    24.05.2022, 08:07
  • «Зың әкімге» де тықыр таянды ма?
    24.05.2022, 08:05
  • НӘН-байдың заманы мен зауалы
    20.05.2022, 08:09
  • Амалбек Тшанов: Бұлардың көзқұрты – колледжің жері
    20.05.2022, 08:01