СҚО-да шектеулер күшейтіліп, Петропавл карантинге жабылды

Сайт әкімшілігі

04.11.2020, 04:37

383

Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) төрағасы, Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына барды.

Мәлім етілгендей, COVID-19-ды шетелден жұқтырып келу жағдайларының жалғасып жатқанын ескере отырып, Ведомствоаралық комиссия халықаралық екі жақты және транзиттік жүк тасымалын жүзеге асыратын жүргізушілер (шетелдік және Қазақстан Республикасы азаматтары) үшін коронавирусқа ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтаманы (берілген сәттен бастап 3 тәуліктен аспайтын) ұсыну міндетін енгізді.

Қазақстан азаматтарының мұндай анықтамасы болмаған жағдайда, жүк тасымалдаушылар ПТР-тест нәтижелері дайын болғанға дейін 2 тәулікке карантинге орналастырылатын болады. Талап биылғы 9 қарашадан бастап күшіне енеді.

Сонымен қатар, ВАК облыс әкімдігіне 9 қарашадан бастап бірқатар шектеу шараларын енгізуді тапсырды: — Петропавл қаласында қаланың периметрі бойынша блокпостар орнатыла отырып, карантин енгізіледі;

— күн сайынғы өсімі 10-нан астам жағдайды құрайтын елді мекендерде санитарлық блокпостар орнатылады;

— Петропавл-Алматы бағыты бойынша теміржол тасымалдарын аптасына 7-ден 3 ретке дейін қысқартылады;

— облыс ішінде жолаушылар теміржол құрамдарының аялдауына тыйым салынады;

— Петропавл қаласынан шығатын авиажолаушыларда теріс нәтижесі бар ПТР-анықтаманың (берілген сәттен бастап 3 тәуліктен аспайтын) болуы міндетті;

— діни объектілердің, театрлардың, кинотеатрлардың, мәдениет объектілерінің қызметі уақытша тоқтатылады; Жұмыс күндері:

— үй-жайлардағы қоғамдық тамақтандыру объектілерінің жұмысын бір мезгілде 30-дан аспайтын келушілер болған жағдайда, 30-дан кем орынды объектілер үшін есептік орындардың 50%-ынан аспайтын жағдайда сағат 8.00-ден 21.00-ге дейін шектеледі;

— сауда үйлері, сауда орталықтары, ауданы 500 шаршы метрден астам азық-түліктік емес дүкендер жұмысын сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін шектеледі. Демалыс күндері қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмысын тапсырыс берушіге жеткізу нысанына ауыстыру арқылы сағат 08.00-ден 21.00 сағатқа дейін шектеуді;

— демалыс және мереке күндері сауда үйлері, сауда орталықтары, ауданы 500 шаршы метрден асатын азық-түліктік емес дүкендер жұмысы шектеледі;

— жексенбі күндері сұлулық салондарының, шаштараздардың, бассейндердің, фитнес-клубтардың, жаттығу залдарының жұмысы шектеледі; — офлайн кеңестер өткізуге тыйым салынады;

— қызметкерлердің кемінде 80%-ын қашықтан жұмыс форматына ауыстыруды қамтамасыз ету қажет;

— әуежайларға, темір жол вокзалдарына күтіп алатын және шығарып салатын тұлғаларды кіргізуге тыйым салынады (билет болған жағдайда ғана өткізуді);

— 65 жастан асқан адамдарға азық-түлікті, бірінші кезекте қажетті тауарларды, дәрі-дәрмектерді және медициналық бұйымдарды сатып алу жағдайларын қоспағанда, аса қажеттіліксіз тұрғылықты жерінен шықпау ұсынылады;

— карантин режимін сақтау жөніндегі мониторингтік топтардың жұмысы, атап айтқанда Петропавл қаласы, Айыртау, Аққайың, Ақжар аудандарында күшейтіледі;

— карантин режимін сақтау қажеттілігі туралы халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары күшейтіледі;

— облыс тұрғындарын ПТР-тестілеумен қамту көлемі арттырылады. ВАК ақпаратына сәйкес, вице-премьер Ералы Тоғжанов СҚО-ға сапары барысында алдымен, Облыстық көпсалалы балалар ауруханасында болып, өңірдің коронавирустық инфекцияның екінші толқынына дайындығы бойынша жұмыстарын тексерді. Сондай-ақ елдің оңтүстік және батыс өңірлерінен келген жас медицина қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Бұдан бөлек, өңірдегі эпидемиологиялық жағдай бойынша облыс басшылығымен кеңес өткізді, облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың, жергілікті мемлекеттік органдар басшыларының қабылданып жатқан шаралар туралы есебін тыңдады. Премьер-Министрдің орынбасары өңірде тіркелген СOVID-19 фактілері санының артып отырғанын атап өтті. Облыстың кейбір аудандарында коронавирустық инфекциямен ауыру өткен аймен салыстырғанда 4,7 есе өскен. Вице-премьер жергілікті билік органдарының аймақтағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға күш жұмылдыру қажеттігін атап өтті.

Сондай-ақ Е.Тоғжанов 200 орындық жаңа модульдік инфекциялық аурухананың ашылуына қатысты. Өңірдегі эпидемиологиялық жағдай Үкіметтің тұрақты бақылауында.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Мариям МАҚСАТ 17:49
Ұлттық Ұлан сарбаздары Палодарға жете алмай әлек болды
Тоқтар ҒАБДІРЕШҰЛЫ 16:57
Қар жауғанда тал егу қаржы жымқырудың тәсілі емес пе?
Сайт әкімшілігі 11:56
Мектептегі «Мемлекеттік қызмет көрсету» қағидаттарының орындалуы жетілген
Тоқтар ҒАБДІРЕШҰЛЫ 10:30
Орман оталса, Орал «өкпесінен» айырылады
Нұр-Қасым ЖОМАРТ 23.11.2020, 18:46
Қызылордада жаңа әуежай салынбайды
Сайт әкімшілігі 23.11.2020, 16:59
"Ешбір тыйым болмай тұрған тойларды тоқтату керек" - Шөкеев

Аңдатпа


  • «Жас Алаштың» себепкер болуымен көп балалы ана жер алды
    23.11.2020, 11:20
  • Құны 68 мың теңгелік бетперденің қандай мақсатта алынғаны белгілі болды
    12:41
  • Үгіт-насихат материалдарын "Жас Алашқа" ұсыну тәртібі туралы мағлұмат
    23.11.2020, 18:42
  • Семинарға сенбеңіз, қаржылық сауаттылық туралы оқытқан алаяқ ұсталды
    23.11.2020, 10:49
  • Ауыз шаюға арналған сұйықтық коронавирусты емдей ме?
    23.11.2020, 09:56