23.12.2020, 11:15
1763
Павлодар облысында су құбырларының құрылысына бөлінген 1,2 млрд теңгені қалтасына басқан жемқордың қолына кісен салынды. Енді оның сыбайластары іздестіріліп жатыр.
Павлодар облыстық прокуратурасының бастамасымен экономикалық тергеу департаменті, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті және ұлттық қауіпсіздік комитеті өкілдерінен құрылған ведомствоаралық топтың «Қазына» жедел-алдын алу шарасы барысында қылмыстық әрекеттің беті ашылды.
Әзірше бір күдікті ғана анықталып, Павлодар қалалық мамандандырылған сотының шешімімен қамауға алынды. Жемқорлыққа қатысы бар өзге азаматтар анықталуда. Күдіктілердің кінәсі дәлелденсе, барлық мүлкі тәркіленіп, 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.
Сондай-ақ өмір бойы белгілі бір лауазымдық қызметтерді атқара алмайтын болады.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР