Сүйегі табылған қазақ сарбазының жақындары іздестірілуде

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ

07.05.2021, 09:09

13596

Ұлы Отан соғысы жылдары майдан даласына аттанған қазақ сарбаздары мыңдап саналды. Олардың  қалың қарасы жаңбырдай жауған оқтың астында  мерт болды. Шет жерде шерменде күйде шейіт болған жандардың қатарында Қарағанды облысының тумасы Жағыпар Оразбаев та бар еді. Қандас батырдың қайда жер жастанғаны жайлы бұған дейін ешқандай  мәлімет болмаған. Хабар-ошарсыз кеткен белгісіз сарбаз жайлы сүйінші хабарды жақында Ресейдің «Пионер» іздеушілер тобы әлеуметтік желіге салды. Онда: «Ржевкалинское фронт» халықаралық экспедициясы барысында «Пионер» іздеу тобы Ржев ауданынан бес қызыл әскер сарбазының сүйегі  салынған санитарлық зиратты тапты. Олардың бірінен жетпіс жылдан астам жер астында жатқан, сапасы бұзылмаған жазбамен қатар,  медальон  шыққан. Әлгі тілдей қағазда «Оразбаев Жағыпар, 1914 жыл, Қарағанды облысынан» деген ақпарат жазылған. 

Экспедиция мүшелерінің мәлімдеуінше, ғайыпта көз жұмған  сарбаздың анасы жауынгер перзентіне 1956 жылы  іздеу салған. Бірақ шерлі шеше ешқандай хабар алмаған. Арада 60 жыл  өткенде жұмбақ күйдегі жауынгердің жақындары ол жайлы сұраныс жолдаған. Олардың бұл қадамдарынан да қайыр болмаған. Бір өкініштісі, сарбаздың  ет жақындары байланыс деректерін көрсетпеген. Енді барлық гәп мекенжайдың белгісіз болуынан шығып отыр. Олай болмағанда, осы күні сүйінші хабардың иелері әлдеқашан табылар еді. Бұл айқын ақпаратты іздеу тобы әскери комитеттің сұранысы бойынша ашық мұрағаттан алған. Маңызды мәлімдеме соңында «Пионер» іздеушілері: «Біз әрдайым қазақ әріптестеріміз бен оқырмандарымыздан төл сарбаздарының денесін туған жеріне табыстауға көмектесуін сұраймыз», – деген хабарлама  қалдырған. Ақжарма жаңалық  халық арасына енді тарап жатыр. Қуанышты хабар иелерін әлі тапқан жоқ. Игіліктің ерте-кеші жоқ. Бастысы – батырдың ныспысы белгілі.

Тегтер: сарбаз әскер парыз міндет

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

М.СӘУЛЕБЕК 24.09.2021, 15:04
Инвесторлар үшін тартымды өңір
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 24.09.2021, 11:13
Жезқазғанда экспедиция қатысушылары бұрын зерттелмеген петроглифтерді анықтады
Сайт әкімшілігі 24.09.2021, 09:25
Нұр-Сұлтаннан Ыстамбұлға шыққан ұшақ шұғыл қонды
Еркежан АРЫН 23.09.2021, 15:30
Жастардың мемлекеттік саясаты өзгеруі мүмкін
Еркежан АРЫН 23.09.2021, 13:00
Еріктілер вакцинаның маңыздылығын насихаттауда
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 23.09.2021, 08:30
Сарандағы РТБ зауыты ауданында тіршілік жаңарды

Аңдатпа


  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39