01.09.2021, 10:36
674
Металлургтер шаhарындағы денсаулық сақтау саласының 86 медициналық қызметкерлерлері бүгін жаңа пәтер алды. Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында, аймақта ақжелең иелерін баспанамен қамтамасыз ету жұмысы жүйелі жүріп жатыр. Бұған дейін облыстағы 122 дәрігерге осындай қызметтік баспана берілген болатын. Алдағы екі жылдың ішінде үй кезегінде тұрған 300-ге жуық адам жанының арашашысы ипотекалық компания арқылы үйлі болады.
— Бұл жұмысты біз барлық бюджеттік салаларда, атап айтқанда денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт саласында жалғастыратын боламыз,- деп атап өтті өңір жетекшісі Жеңіс Қасымбек.
Бүгін, сондай-ақ Теміртауда жекеменшік балабақша ашылды. Бүлдіршіндерге арналған жаңа ғимараттың сыйымдылығы 320 балаға арнап салынған. Мұнда балдырғандардың денсаулығын шынықтыруға, ақыл-ойын жетілдіруге барлық жағдайлар жасалған. Жыл соңына дейін облыста осындай 12 жекеменшік балабақша ашылады. Қазір облыста 533 мектепке дейінгі ұйым бар.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР