Теңіз жасап көрейік

Бекназар ӘБСАДЫҚОВ

01.12.2021, 12:30

590

Сыр бойы өңірі еліміздің оңтүстік-шығыс облыстары қатары бірдей географиялық солтүстік ендікке орналасқан. Бірақ өзінің табиғи күрт континенттік ыстық-суығы және шаң-тозаңды соққан желдері т.б. параметрлерімен таң қылады. Ал қазіргі әлемдік климат бұзылған кезде желдің соғуы үдей түсті. Жазық далаға келген антициклондар мен оның солтүстіктен соққан салқын желдерінің ықпалымен көктем кеш келіп, күз ерте түседі. Ал қыс қатал болған кездері жеміс ағаштары үсіп кетеді. Міне, осындай себептерге байланысты көкөністер кеш жетіліп, сыртқа тәуелді болып қаламыз. Сондай-ақ бұл экологиялық өңірде космодромнан  зымырандар ұшқан сайын, үш күндей жел тұруы әдетке айналған. Ал қатты соққан жел көктемгі еккен көкөністерге залалын тигізіп, шығынға ұшыратады. Ал күздің күні аяздан далада қалған мал қырылып, жиып үлгермеген көкөністер үсіп кетеді. Міне, космодромнан алған пайдамызбен қатар, тартатын зардабымыз да аз емес. Дегенмен ғарыш айлағы бүгін де, болашақта да қажет. Сондықтан енді мұндай қателіктерді қайталамай, тиімді жолын тапқан жөн.

         Қазір Сырдың жоғары тау тармақтарынан ағатын су бұрынғы суға мүлде ұқсамайды. Себебі жәндіктерге қарсы мақтаға улы зат шашып, химиялық тыңайтқыштар салынады. Ал бұлар дренаждар арқылы ыза каналдарына ағып түседі. Бұған қоса, қалалар мен өнеркәсіп өндірістерінен шыққан шайынды сулар ағып келеді. Міне, бүгінде Сырдария суының экологиялық лас, ішуге жарамсыз болып қалғаны соның кесірі. Сырдарияның тасып, оның суы алыс Қызылқұм өңіріне жайылатын заман келмеске кетті. Бүгінде дарияның суы сарқылып, жаяу кешіп өтетін жағдайға дейін барды. Енді оның орнына аналогиялық Сарыарқа суларын пайдалануға тура келеді.

         Өткен ғасырдың 70-жылдары кеңестік халық қожалығын өркендету мақсатымен орталық комитет (о переброске части стока сибирских рек) Сібір ағын суларын бөліп, Қазақстан мен Орта Азияға бұрып тастау туралы шешім қабылдаған еді. Бірақ бұл перспективалық жоспар схемасында төмен аққан Ертіс суын төмен Ресей аумағынан кері бұрып, сорғылармен қайта-қайта  су деңгейін көтерудің машақаты көп еді. Мұндай шығындар мені көп ойға салатын. Ол суды жоғарырақ өз аумағымыздан бөгеп, СЭС құрып, су деңгейін көтеріп бұру абзал емес пе еді? Ал бүгінде бұл қиын проблема емес.  Сібір суларын оңтүстікке бұру мұз дәуірінің басталуына себеп болатынын сылтау етіп, бұған қарсы шыққандар болды. Ал бүгінде жылы температура көтеріліп, жыл сайын алып Антарктида мұздығы еріп құлап жатыр. Ал біз  зымырандар әсерінен болған ауа райынан денсаулықты құртып, пайдасымен қатар, экономикалық залалын да тартып жатырмыз. Зымыран отыны гептил – өте улы зат. Ол адам ағзасына кері әсер етеді.

          Сарыарқаны басқан қалың қар жыл сайын көктемде еріп, ал еріген қар сулары елді мекендерді басып, әбігерге түсіп жатамыз. Құдайдың берген бұл олжасын құр босқа ысырап етпей, арық жүйелері арқылы жиып, яғни су қорымызды көбейтіп, игілікке пайдаланған абзал. Алыс Ертіс суынан гөрі Есіл мен Тобыл суларын еліміздің оңтүстік өңірлеріне бұру ыңғайлы болар еді. Ал алыс Сібір суларын Орта Азия өңірлеріне бұрып жеткізу кеңестік заманда проблема болатын. Ертеде егіншілік дамыған Сыр бойында бүгінде осы су тапшылығынан жеңіл өнеркәсіп тоқырап барады. Сондықтан  солтүстік ішкі суларымызды ауыл шаруашылығына пайдалану заман талабы. Ол үшін каналдар қазып, солтүстік өзен суларын оңтүстік өңірлерге бұрумен қатар, үлкен суқоймасын салсақ, істің нәтижелі боларына үміттенемін.

          Егер жыл сайын қазан айының басында бізге келетін антициклон бағыты өзгерсе, жылы кезең біраз ұзаратын еді. Көктемнің ерте келіп, күздің кеш түсуінен біз миллиардтаған шығындарды сақтап, тағы миллиардтаған табыс табуымыз сөзсіз. Егер біз күткен үміт оң нәтиже берсе, онда Кіші Аралды осы күйінде сақтап, есесіне бұл суқойманы аналогиялық теңіз етуге болар еді. Теңіз жасау қиын проблема емес. Себебі ойпатқа жіберілген сулар өз орнын табады. Суқойма жасауға тағы бір орын деп, Торғай үстіртіаралық (ложбина) Торғай қуысын айтар едім. Бұл араға СЭС құрып, су деңгейі көтерілсе, қалған жақтарға су жеткізуге мүмкіндік туар еді. Егер Сарысу өзені бойынан суқойма салсақ, үміттенген нәтижеге қол жеткізер едік.

         Бізде жаздың жылы кезеңі тым қысқа. Егер көктем жылы болып, жер буы ертерек ұшып кетсе, Сыр өңірінде шілде айында қатты ыстық болмауы мүмкін. Егер климат өзгерсе, көкөніс, жеміс-жидек, тіпті тропикалық өсімдіктер өсіруді қолға алар едік.

         Алғашқы өркениет Еврат пен Тигр және Ніл өзендері бойларында дамып, алғаш каналдар Месопотамия мен Мысыр жерлерінде қазылған. Үлкен Ферғана каналы соғысқа дейін аш-жалаңаш кездерде қолдан қазылған. Сол Ферғана каналын қазуға менің көкем де қатысқан. Ал қазіргі техника дамыған заманда канал қазу қиын мәселе емес (сазбалшықты каналдарды оқшаулаудың қажеті жоқ). Ливия елі 3000 шақырымдық үлкен құбырлар арқылы алыстан су келтіріп, егін шаруашылығын дамыта бастады. Бізге де осы тәсілмен құбыр арқылы су жеткізуге әбден болады. Жер деңгейі төмен жақ вакууммен сорып тартады. Егер Бетпақдалаға су жетсе, ол көгалданған далаға айналар еді. Бұл жерде күздік бидайды өсіре алсақ, үлкен жетістік болар еді. Суармалы бидай сенімді әрі өнімі мол болады.

Сырдария суының сарқылып, Арал теңізінің жойылуын жоғары жақта егілген мақтадан көреді. Бірақ Өзбекстанда мақтаны көп еккені болмаса, мақта – суды аз талап ететін техникалық дақыл. Ол жақта қыс мезгілінде егін алқаптарын көл етіп суарумен әлек болады. Ал бізде жауын-шашын  жеткілікті.

Су тапшылығына байланысты ішкі суларымызды оңтүстікке бұрып пайдалану туралы елбасымыз бастапқы жылдары айтқан болатын. Бүгінде тәуелсіз ел болдық, ішкі суларды өзіміз ғана пайдаланамыз. Бұл аса көлемді жоба болғандықтан, әрбір аумақ өз істерін бөліп алып, кезекпен әлімізге қарай орындаған дұрыс.

Бұрын шешелеріміз жіп иіріп, қолдарынан ұршық түспейтін. Ал қазір Қызылорда қаласында мақта иіретін бірде-бір цех жоқ. Өзімізде осындай жеңіл өнеркәсіп тауарларын шығарсақ, ешқандай шығын, залал болмайды. Ең бастысы, халық жұмыспен қамтамасыз етіледі. Әрдайым халықтың өзекті мәселесін шешіп беру керек.  Қиын болса да, су келтіріп, халықтың еңбек етуіне жағдай жасау қажет. Елімізде тыныштық сақтап, қиыншылықтарға шыдап, осындай құрылыстармен стратегиялық позиция жасап алсақ, тұрақты экономикалық даму жолына түсеміз. Ел экономикасының дамуы мен халық жағдайының жақсаруына жанға жайлы қоңыр климаттың да ықпалы аса мол.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Арайлым Еркебаева 09:25
Зейнеткерлердің зейнетақысы бес жыл бойы ұрланып келген
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 20.01.2022, 12:00
Жәйремдіктердің жанайқайы:«Мемлекеттік бағдарламамен берілген үйдің сиқы осы»
Мариям МАҚСАТ 20.01.2022, 08:53
Кім кімді алдады?
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 19.01.2022, 17:45
Қарағанды өңіріндегі дүрбелең қалай өрбіді?
Қайрат Балабиев 19.01.2022, 16:57
Атамекенді аялау – азаматтық парызымыз
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 19.01.2022, 15:33
Шымкент: шығын әлі есептеліп жатыр

Аңдатпа


  • Байлар 30 жыл «жиып-тергенін» «Қазақстан халқына» қия ма?!
    20.01.2022, 08:50
  • Біреуге бас қайғы, біреуге «мал» қайғы
    20.01.2022, 08:49
  • Алматыны «терроризм астанасы» етпек болды
    20.01.2022, 08:48
  • Қазақстанда билік төңкеріледі - үндістандық көріпкел Арченаның айтқаны келді
    19.01.2022, 00:00
  • «Аш адам ұрысқақ келетінін» ұмытпасақ екен...
    19.01.2022, 08:48