Тойхана мектепке айналды

Сайт әкімшілігі

12.09.2020, 16:13

324

Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің мүшесі, «Юг House» ЖШС Бас директоры Есбол Қамбаров «Оңтүстік қабылдау үйін» мектеп ретінде пайдалануға берді. Қазірдің өзінде онда №80 мектептің кезекші сыныптарының 530 оқушысы оқиды. Жалпы ғимарат 2500 адамға арналған.

Кәсіпкер мұндай шешімді пандемияға байланысты қабылдапты.

–Тойханада мектеп ашпас бұрын, басқа елдердің тәжірибесін зерттедім. Финляндия, Англия және басқа елдердің мектептерінде балалар сарайлар сияқты интерьері бар мектептерге баратынын білдім. Бұл қазір кең таралған тәжірибе. Дәл осындай жағдай балаларды мектепке мереке ретінде баруға бейімдейді.  Білім министрлігінің білім саласындағы бақылау департаментінде білім беру қызметін жүргізуге лицензия алдым, санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, салтанатты залдарды сыныптарға қайта жөндеуден өткіздім, — деп атап өтті Есбол Қамбаров.

Қазіргі уақытта тойханада оқу аудиториялары үшін салтанатты залдарды қайта құру жалғасуда. Қайта жабдықталған кабинеттерді аяқтағаннан кейін қосымша 300-ден астам оқушы 42 сыныпта оқи алады. Қазірде 90-нан астам мұғалім еңбек етуде. Керекті жабдықтармен қамтамасыз ету үшін 300 млн. теңгеден астам қаржы жұмсалыпты. Мұнда ақылы және ақысыз сыныптар бар.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Миуа БАЙНАЗАРОВА 18:17
Қамбаштан бақ тайды
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 15:49
Сұлулық қуғандар жер сипап қалды
Нұр-Қасым ЖОМАРТ 14:40
Бордақы малдан жем қымбат
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 12.05.2021, 08:42
Жетімдерді жетелеген жігіт
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 12.05.2021, 07:57
Мүгедектер арбасына жол тар болып тұр
Сайт әкімшілігі 10.05.2021, 11:37
Оралда мектеп оқушысы бесінші қабаттан құлап кетті

Аңдатпа


  • Қор болған Қазақстан
    11.05.2021, 11:12
  • Сүйегі табылған қазақ сарбазының жақындары іздестірілуде
    07.05.2021, 09:09
  • Марат ТОҚАШБАЕВ: Саясаттағы тоқырау экономикалық тоқырауға соқтырды
    06.05.2021, 09:21
  • Жалақорға жауап
    06.05.2021, 09:09
  • «Олар ұлт сатқындары!»
    29.04.2021, 09:06