Төтеншеліктер қауіпсіздікті сақтауға шақыруда

Сайт әкімшілігі

05.11.2020, 03:42

170

Шымкентте былтырғы жылыту маусымында 3 өрт оқиғасы орын алса, биыл бұл көрсеткіш едәуір көбейіп отыр. Алайда, орын алған өрт салдарынан қаза болғандар мен жарақат алғандар жоқ.

Бұл жөнінде онлайн өткен Үкімет отырысында Премьер-Министрге Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов баяндады.

Қала әкімінің мәлімдеуінше, орын алған өрттің басым бөлігі жеке тұрғын үйде орын алған. Өрттің шығу себептерінің 60 пайызы электр сымдары мен құралдарын дұрыс пайдаланбауынан туындаған.

Жылыту маусымынан бастап, күнделікті төтенше жағдайлар департаменті, жергілікті атқарушы органдары және жергілікті полиция қызметкерлері бірлесіп, 10 мыңға жуық үйді аралып, ондағы 43 мыңға жуық тұрғынға үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді. Тұрғындардың қатысуымен 47 жиын өткізілді.

Сондай-ақ, арнайы техника жұмылдырылып, дауыс зорайтқышы арқылы қала тұрғындарына түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, қаланың орталық көшелеріндегі LED-экрандарында, ірі сауда орындарында, өрттің алдын алу туралы әлеуметтік бейне роликтері көрсетілуде. Бұл жұмыстарға 100-ден астам волонтер қатысып, 5 мыңнан астам тұрғынға нұсқаулық пен ескертпелер таратылды.

Сонымен қатар, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде

31 бірлік техника сатып алынып, Төтенше жағдайлар департаментіне берілді. Департамент қызметкерлері арасында өртке қарсы жауынгерлік даярлық жұмыстары да күшейтіліп жатыр. Мамандар қала тұрғындарын  қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақыруда.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Гүлжан СЕРІКҚЫЗЫ 17:53
Ішкі туризмнің халі қалай?
Сайт әкімшілігі 17:51
Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі: мемлекетке сену құқығы
Сайт әкімшілігі 17:49
Жаңа кодекс қазақстандықтарды қалай қорғайды?
Нұр САЙЛАУОВА 17:42
Қазақстанның жаһандық бастамаларына оң баға берілуде
Б.СӘРСЕНБИ 17:38
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл»
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 15:21
«Жусан» операциясы: тағдыр тәлкегінен құтқарғандар

Аңдатпа


  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58
  • Ташкенттен «Жас Алаш» газетінің түпнұсқасы табылды (видео)
    07.07.2021, 13:15