Түймекенттегі тірліктер

Сайт әкімшілігі

26.11.2020, 20:13

141

Байзақ ауданына қарасты Түймекент ауылдық округінің тұрғындары бүгінде табыс қазанын қызу еңбекпен қайнатып отыр. Бұған себеп болған аядай ғана ауладан мол табыс табуға болатынын кезекті рет дәлелдеген «Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсарту» пилоттық жобасы.

Бүгінде Түймекент ауылында жобаның алғашқы бағыты бойынша 1 144 аула 132,7 гектар алқаптан картоп, қияр, қызанақ сынды көкөніс жинап, қыстық қорын жасақтап үлгерді. Игі бастаманың көмегімен мал шаруашылығына ден қойғандар қатары артты.

Тұрғындар пилоттық жоба қатысушыларына берілген жөңілдетілген несие көмегімен 630 жылқы, 2 954 ұсақ мал, 543 мүйізді ірі қара және 1 025 үй құсын сатып алыпты. Бұған қоса, ауыл сыртындағы жер үлестерін кәдеге жарату арқылы да шаруасы шалқығандар баршылық екен. Аталған жер үлестерінің есебінен кооперативке 413 гектар егістік жер біріктіріліп, биылғы жылы мұнда бақша дақылдарымен бірге жүгері, жоңышқа сынды мал азығы да егілген. Бүгінгі күнге дейін кооперативтің 38 мүшесіне 3 800 түк жоңышқа, 38 тонна арпа төмендетілген бағамен таратылыпты.

Ауыл шаруашылығы өнім өндірушілері үшін өткір мәселенің бірі саналатын техникалық паркті жаңарту да осы жоба арқылы өз шешімін тауып отыр екен. Мәселен, «Түймекент – 2019» ауыл шаруашылығы кооперативіне кепілзат есебінен 85 миллион 840 мың теңгеге 18 дана әртүрлі техника сатып алыныпты. Оның ішінде, 3 дана трактор, 1 дана комбайн, соқа, культиватор, дән сепкіш, дәрі шашқыш, шөп тайлағыш, тіркеме, жүктегіш сияқты тағы басқа қосымша құрылғылар алынып, пайдаланылуда.

Елді мекендерде шағын бизнестің көрігін қыздырғысы келгендер де пилоттық жобаның мүмкіндіктерін оңтайлы пайдалана білгенін атап өту артық болмас. Соның есебінен Түймекент ауылдық округінің өзінен 4 кәсіпкер 13 миллион теңгеге жуық несие алып, омарта, жылыжай шаруашылығы мен ұрық тазалау, наубайхана сынды кәсіпкерлік нысандарын іске қосқан.

Жалпы, бұл ауылда 2,5 пайызбен 262 жеке кәсіпкер 615 миллион 215 мың теңге несие алған.

Ауылдық округте құрылыс жұмыстары да қызу жүріп жатыр.Түймекент орта мектебін күрделі жөндеуге 115 миллион теңге, «Қарлығаш» бала бақшасын күрделі жөндеуге 163 миллион теңге, Түймекент ауылындағы мәдениет үйінің шатыры мен жылу жүйесін жөндеуге 3 миллион 100 мың теңге, модульдік қазандық орнатуға 7 миллион теңге, мәдениет үйінің алдын абаттандыру, брусчатка төсеу, фонтан орнату, көгеріштендіруге 21 миллион 131 мың теңге, спорт саласы бойынша стадионды қоршауға 7 миллион 261 мың теңге, шағын футбол алаңын орнатуға 9 миллион 746 мың теңге, Ақжар ауылында шағын футбол алаңын орнатуға 9 миллион 746 мың теңге, Ақжар ауылындағы «Ардагерлер аллеясы» құрылысына 3 миллион 676 мың теңге бөлініп, аталған нысандар пайдалануға берілген.Сондай-ақ, ауыл көшелерін жарықтандыру мен жолдарды орта жөндеуден өткізу де назардан тыс қалмапты.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 15.01.2021, 10:02
Бөлекбаев қарағандылықтардың қалтырап отырғаны үшін кешірім сұрады
Миуа БАЙНАЗАРОВА 15.01.2021, 09:54
Жол сапасы неге нашар?
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 15.01.2021, 08:53
Жедел жәрдем мамандары қысым көргендерін айтып шу шығарды
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 14.01.2021, 16:52
Шахтадағы апат: кеншілердің бірі қаза болды, қалғандары ауруханада ем алуда
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 14.01.2021, 13:07
Ленин шахтасында апатты жағдайдан машинист шыға алмады
Нұрболат ӘЛДИБЕК 14.01.2021, 12:19
Таразда Қонаевқа ескерткіш қойылады

Аңдатпа


  • «Жас Алашым» – жастық шағым
    15.01.2021, 10:07
  • Қуат Хамитов: Қазағы көп жерге кетіп барамын
    14.01.2021, 13:01
  • «Әр таңымызды үреймен қарсы аламыз» (видео)
    14.01.2021, 11:41
  • "Жас Алаш" жазды, Егіндібұлақ елінің еңсесі көтерілді
    13.01.2021, 07:11
  • Жұрт жадындағы Жолдасбек
    10.01.2021, 00:33