Түркістанның бренді

Сайт әкімшілігі

15.02.2021, 10:18

863

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Түркістан қаласындағы құрылыс алаңдарын аралап, ондағы жұмыс барысын бақылады. Облыс басшысы отандық, жергілікті құрылыс материалдарына басымдық беруді тапсырды. Құрылыстың сапасы қатаң бақылауда екенін ескертті. Аймақ басшысы облыс орталығында жүріп жатқан құрылыс нысандарында болып, ондағы жұмыс барысымен танысты.

Әкімдіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Өмірзақ Естайұлы Түркістанның брендіне айналатын негізгі жобалардың бірі – «Керуен сарайдың» құрылыс аумағында болды. 20 гектардан астам аумақта орналасқан көпфункционалды туристік кешені наурыз айының аяғында пайдалануға беріледі. Мұнда кинотеатр, ұшатын театр, шығыс базары, амфитеатр, халықаралық деңгейдегі қонақ үйлер, мейрамханалар, жасанды көл бар. Тұрғындардың игіліне қызмет көрсететін бірегей жобада көне шаһардың көрінісі сақталған.

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында «Sembol construction» түрік компаниясы қолға алған кешен халықаралық талаптарға сай салынуда. Бұл жобаның Қазақстанда баламасы жоқ. Облыс басшысы аралаған қонақ үйлерде 100-ден астам бөлмелер, демалыс аймағы, фитнес орталықтары орналасқан. Құрылысқа 500-ден астам жұмысшы жұмылдырылған.

Өңір басшысы Ясауи мұражайында болды. Үш қабатты нысанның құрылысы толық аяқталып, ішкі жұмыстарына білікті дизайнерлер тартылған. Туризмді түлетуге басымдық берілген Түркістанның рухани-мәдени орталығында, кесене маңында бой көтерген зәулім ғимараттың жалпы ауданы – 3 мың шаршы метр. Келешекте мұнда 100 адам жұмыспен қамтылмақ.

Облыс әкімі облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында болды. Білім ошағында 400 орынға лайықталған оқу залы болады. Үш қабатты ғимараттың жалпы аумағы 8 мың шаршы метрден асады. Кітапханада 250 мың кітап қоры болады.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 11.06.2021, 11:11
Кім кінәлі?: Жауап берсін!
М.СӘУЛЕБЕК 10.06.2021, 17:45
Мегаполис бюджеті 2,7 есеге көбейген
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 10.06.2021, 14:13
Бір дүкеннің маңынан үш күннің ішінде екі мәйіт табылды
Мариям МАҚСАТ 10.06.2021, 12:04
«1 млрд теңгелік ескерткіштің ар жағынан жемқорлық «қылтиып» тұр»
Сайт әкімшілігі 08.06.2021, 16:45
Елордада 49 мектеп аралас тілде, 34 мектеп қазақ тілінде білім береді
Миуа БАЙНАЗАРОВА 08.06.2021, 14:00
Сыр елінің құт-берекесі неге қашып тұр?!

Аңдатпа


  • Кім кінәлі?: Жауап берсін!
    11.06.2021, 11:11
  • Ресей деградацияға ұшырауда
    10.06.2021, 10:33
  • Түнгі жол (Әңгіме)
    08.06.2021, 12:00
  • Жеңсең, жүз атаң табылар еді...
    08.06.2021, 10:30
  • Қазақ тілінде оқымаған бала ұлттың ұлы бола ала ма?
    03.06.2021, 09:02