Түркістанның туризмі Дохада таныстырылуда

Сайт әкімшілігі

10.11.2021, 12:03

132

Түркістанның туристік мүмкіндіктері Катар мемлекетінің астанасы Доха қаласында «IFP Group» компаниясының ұйымдастыруымен өткен халықаралық көрмеде таныстырылуда. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіхабарлады.

Көрмеге Түркістан облысының Туризм басқарамасы және «Turkistan Tourism Center» туристік ақпараттық орталығының өкілдері қатысуда. Мақсат – Түркістан облысының туризмін әлемге таныстыру.

9-11 қараша аралығында өтетін көрме алаңында туристік конференция, оқу бағдарламасы, арнайы конкурстар, B2B кездесулер ұйымдастырылады.

Көрме аумағында қатысушаларға 12 шаршы метр көлемінде тегін алаң бөлінген. Қазіргі таңда аталмыш іс-шараға Австрия, Аргентина, Беларусь, Бельгия, Ботсвана, Болгария, Германия, Үндістан, Индонезия, Иран, Испания, Италия, Канада, Катар, Қытай, Кувейт, Ливан, Малайзия, Мексика, Нидерланды, Оман, Пәкістан, Палестина, Парагвай, Ресей, Сингапур, Шри-Ланка, Хорватия, Франция, Жапония, Швеция, Түркия, Украина, Венесуэла елдері қатысуға тіркелді.

Катар тұрғындарының Қазақстанның туристік нысандары мен көрікті орындарына деген қызығушылықтары ерекше. Сондықтан Түркістанның бүкіл түркі халықтарына ортақ, әлемге әйгілі екені ескеріліп, көрмеге Түркістан облысы шақырту алды. Халықаралық іс-шараға Түркістан облысы өкілдерінің қатысуы Катардан инвестиция мен саяхатшыларды тартуға ықпал ететіні анық.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 17:45
Шиелі ауданында 3297 жаңа жұмыс орны ашылды
Сайт әкімшілігі 16:19
Шиелі ауданында 3297 жаңа жұмыс орны ашылды
Бифат ЕЛТАЕВА 12:21
Ғибраты мол байқау
Сайт әкімшілігі 08:37
Павлодарда лак-бояу өнімдері қоймасында алапат өрт болды
Сайт әкімшілігі 26.11.2021, 13:30
Қарағандыда тағы бір ферроқорытпа зауыты ашылды
Сайт әкімшілігі 26.11.2021, 12:16
Жезқазған ақыны Қарағандыда өткен республикалық айтыста Бас жүлде иегері атанды

Аңдатпа


  • "Жас Алашқа" жазылуды ұмытпаңыз!
    23.11.2021, 10:20
  • Қайта түлеуге қадам басқан Майқұдық
    22.11.2021, 14:03
  • «Жас Алашты» ауыл кітапханасына жаздырып бердім
    16.11.2021, 10:00
  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    26.10.2021, 11:14
  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30