24.11.2020, 17:49
1429
Алматы облысында әскери борышын өтеп, үйлеріне қайтуы тиіс болған павлодарлықтар жарты жолда қалды. Олар алдымен Семейге, кейін теміржол арқылы Павлодарға жетуі керек еді.
ҚР Ұлттық ұлан сапында азаматтық парызын өтеген 34 сарбаздың ПТР-тест талдамасы болмағандықтан, Семей қаласының сапаржайында қалуға мәжбүр болды. Ұлттық ұланның баспасөз қызметі хабарлағандай, әскери борышын өтеп шыққандардың тест тапсыруы үшін қаржы қарастырылмаған. Сондықтан олардың қолында талдама қорытындылары болған жоқ. Оған қоса, сарбаздар — транзиттік жолаушылар. Сондықтан олардан ПТР-зерттеу талап етілмеуі тиіс еді.
Әйтеуір отбасыларына оралуға асық азаматтардың мәселесі бір күнде шешілді. Оларды Семей мен Павлодар арасында қатынайтын автобусқа отырғызуға тура келді. Себебі қоғамдық көліктің бұл түріне ПТР-тест керек емес. Бір жыл бойы үйлерінен жырақ жүріп, жауынгерлер сапында болған павлодарлықтар осылайша әупірімдеп жүріп елдеріне оралды.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР