Үшінші мегаполистің инфрақұрылымы жақсарып келеді

Сайт әкімшілігі

20.08.2020, 10:36

104

Шымкент қаласы Сәуле шағын ауданындағы 276 орам шаһарға Сайрам ауданынан қосылған. Бүгінде онда 700-ге жуық тұрғын тұрады.

Алайда, бұл маңда биылға дейін ауыз су, жарық, жол мәселесі өзекті болып келген. Қала әкімі Мұрат Әйтенов көп жылдан бері күрмеуін таппаған инфрақұрылым проблемасын жіті бақылауына алып, жауапты мекемелерге тапсырма берген болатын. Нәтиже көп күттірмеді. Қаланың жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан бес шақырым жолға шағал тас төселді. Яғни, тұрғындардың жүретін жолына 100 пайыз тас төселді.

Мұнан бөлек 276 орамды электр жүйесімен қамтамасыз ету мақсатында демеушілер тарапынан 25 бағана, 2 шақырым сым және қуаттылығы 160 кВт көтеретін трансформатор орнатылып, 150-ге жуық тұрғын үй сапалы электр қуатымен қамтамасыз етілді.

Ал аумақты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін, демеушілер тарапынан 350 метрге жуық су құбырының қазба жұмыстары жүргізіліп, ауыз су жүйесі тұрғындардың игілігіне пайдалануға беріліп отыр.

Сондай-ақ, 276 орамды инженерлік-инфрақұрылыммен толық қамтамасыз ету үшін жобалық-сметалық құжаттамасы дайындалып жатыр. Жоспар бойынша құжат жыл соңында дайын болуы тиіс.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Арайлым ЕРКЕБАЕВА 27.02.2021, 22:00
Судьяның тәртібін комиссия қарады
Сайт әкімшілігі 26.02.2021, 14:02
БҚО-да жол апатынан 4 адам қаза тапты
Сайт әкімшілігі 26.02.2021, 12:36
Түркістанға «Гам-КОВИД Вак» вакцинасы жеткізілді
Сайт әкімшілігі 26.02.2021, 11:21
Бірқатар өңірлерде жолдар жабылды
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 26.02.2021, 09:18
Қос азаматтығы бар шенеунік басшылық қызметте қалай жұмыс істеген?
Нұр-Қасым ЖОМАРТ 26.02.2021, 09:15
Ардагерлер кеңесіне ұстанымы биік тұлға қажет

Аңдатпа


  • Буырқанған дауылда сыналған басылым
    25.02.2021, 13:12
  • «Жас Алаштан» басталған журналистік жол
    23.02.2021, 10:51
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығымен құттықтаулар легі басталды
    22.02.2021, 13:50
  • «Қасымның тағдыры бұрмаланған»
    19.02.2021, 09:41
  • Түркістан облысында "Жас Алаштың" атында мектеп бар
    15.02.2021, 10:51