Вице-министр Түркістанның жұмысын оң бағалады

Сайт әкімшілігі

20.11.2021, 10:58

448

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын іске асыру аясында және «2019-2021 жылдарға арналған ішкі істер органдарын жаңғыртудың жол картасы» тармақтарын орындау үшін Ішкі істер министрі Е.Тұрғымбаевтың тапсырмасы бойынша  Түркістан облысына жұмыс сапарымен Ішкі істер бірінші вице-министрі Марат Қожаев келді.

Түркістан облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, сапар барысында М.Қожаев Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевпен кездесті. Кездесуде облыстағы криминогендік жағдайдың тұрақтылығы және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижелері талқыланды. Сондай-ақ облыс әкімдігінде орналасқан сарапшылар тобының қызметкерлерімен кездесті. Одан әрі полиция генерал-майоры М.Қожаев маңызды туристік нысандарды аралап, туристер мен тұрғындардың қауіпсіздігі үшін облыс орталығында орнатылған «SOS» стационарлық бекеттерінің жұмысымен танысты.

Генерал  М.Қожаев Түркістан қаласы полиция басқармасының №4 және № 6 тірек пунктеріне арнайы аялдады. Бірінші кезекте вице-министр учаскелік инспекторлардың жұмысын бағалап, профилактикалық шараларға байланысты тапсырмаларын берді.

Бұдан кейін облыстық Полиция департаментіндегі  жедел басқару орталығының қызметімен танысты. Орталық Түркістан қаласында орналасқан барлық бақылау бейнекамералары біріктірілген полиция департаментінің маңызды құрылымдарының бірі болып табылады.

Бейнебақылау камераларының көмегімен 2021 жылдың 10 айында облыс бойынша 75 502, ал Түркістан қаласында 36 483 құқық бұзушылық анықталды. Сондай — ақ облыс көлемінде — 104 қылмыс, ал облыс орталығында – 32 қылмыс бейнебақылау камераларының көмегімен ашылған. Айта кету керек, бейнебақылау камералары орнатылған жерлерде жүргізушілер апаттық жағдайларға жол бермейді.

Сапар барысында  М.Қожаев Түркістан облысы полиция департаментінің жеке құрамымен кездесті.

«Түркістанды рухани астана және туристік орталық ретінде барлығы жақсы біледі! — деп атап өтті Марат Қожаев, — сондықтан осындай қасиетті жердің тәртіп сақшылары әрқашан өз жұмыстарыңызға жауапты болып, қылмысты ашуда әділдікті ту етулеріңіз қажет. Баршаға мәлім полицияны халық әрдайым қорғаушы, жанашыр ретінде сезінуі керек. Ол үшін сан түрлі жобалар жүзеге асуда. Сондықтан сіздер бірінші кезекте халық өзін қауіпсіздік пен жайлылықта сезінетіндей жағдай жасап, өз қызметтеріңізді адал атқаруларыңыз қажет. Жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлық, қылмыс не болмаса басқалай тәртіпсіздік те мүлде орын алмауы аса маңызды!

 Вице-министр Түркістан полицейлерінің жұмысына оң баға беріп, алдағы уақытта да облыс тәртіп сақшылары азаматтардың қауіпсіздігі үшін жоғары деңгейде қызмет атқаратынына сенім білдірді.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 03.12.2021, 16:35
Нұр-Сұлтанда 70 мектеп салынады
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 03.12.2021, 14:24
Жалақысы 2 миллионға жуықтаған әкім
Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ 03.12.2021, 10:15
Кәсіпкер әйелдер көбейіп келеді
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 03.12.2021, 08:47
Советский, Карл Маркс, Полторацкий
Сайт әкімшілігі 01.12.2021, 17:01
Нұр-Сұлтанда мұқтаж жандарға 56 азық-түлік себеті таратылды (видео)
Сайт әкімшілігі 01.12.2021, 15:20
Түркістанда 40-тан астам полицей марапатталды

Аңдатпа


  • 14 мыңнан аса сотталушы босатылады, Сенат рақымшылық заңын қабылдады
    02.12.2021, 15:50
  • Жастармен бірге тыныстайтын басылым
    30.11.2021, 18:08
  • "Жас Алашқа" жазылуды ұмытпаңыз!
    23.11.2021, 10:20
  • Қайта түлеуге қадам басқан Майқұдық
    22.11.2021, 14:03
  • «Жас Алашты» ауыл кітапханасына жаздырып бердім
    16.11.2021, 10:00