ЮНКТАД Қазақстанның инвестициялық жетістіктерін жоғары бағалайды

Еркежан АРЫН

09.09.2021, 09:13

386

       ЮНКТАД департаментінің басшысы Джеймс Жан Қазақстан өзінің инвестициялық әлеуетін дамытуды, оның ішінде экономиканы әртараптандыру арқылы жалғастыруы керектігін айтады. Ол БҰҰ-ның сауда мен даму жөніндегі конференциясы, әсіресе пандемияның қиын кезеңінде, біздің елдің тікелей шетелдік инвестицияларды тарту саласындағы табысын жоғары бағалайтынына сендірді. Естеріңізге сала кетейік, Әлемдік инвестициялар есебінің мәліметі бойынша өткен жылы Қазақстан тартылған қаражат көлемін алдыңғы жылмен салыстырғанда үштен біріне көбейтіп, өтпелі экономикасы бар 17 елдің, ал теңізге шыға алмайтын 34 елдің рейтингін көш бастады. Бұл ретте әлемдегі таза шетелдік тікелей инвестициялар көлемі рекордтық 35 пайызға төмендеді. Бұл соңғы 16 жылдағы ең төменгі көрсеткіш. ЮНКТАД өкілі Қазақстанның инвестициялық әлеуетінің өсуін біздің елде жасалған ұзақ мерзімді перспективаларымен түсіндірді.

      Джеймс Жан, ЮНКТАД инвестициялар және кәсіпкерлік департаментінің директоры:

   – Бұл – Қазақстанның әлемдік қаржылық дағдарыс кезіндегі әсерлі жетістігі. Біз елдің инвестициялық климаты мен әлеуетін дамытатын бірнеше факторларды көріп отырмыз. Бұл Қазақстан мен биліктің көптеген мәселелердегі көшбасшылық ұстанымы, экономикалық тұрақтылық, бұл елдің әлемдік экономика процестеріне қатысуына, ДСҰ-ға мүше болуына мүмкіндік береді. Екіншіден, біз елде инвестиция тарту шарттарын жеңілдету үшін жүргізіліп жатқан саясатты көріп отырмыз. Арнайы экономикалық аймақтардың болуы, арнайы мекемелердің жұмысы. Инвестиция салалары да кеңейіп келеді, яғни өндіруші өнеркәсіптен басқа, инвесторлар жасыл технологиялар мен баламалы энергия көздеріне инвестиция салуда. Инвесторлар әрқашан ұзақ мерзімді перспективаны іздейді.

       Осы ретте өткен аптада премьер-министрдің бірінші орынбасары А.Смайылов бастаған қазақстандық делегацияның Катар мемлекетіне жұмыс сапары болды. Қазақстан – Катар іскерлік кеңесі екі елдің іскер топтарының қатысуымен өтті, онда Қазақстан мен Катар арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың басым бағыттары талқыланды. Премьер-министрдің бірінші орынбасары А.Смайылов сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты дамытудың үлкен әлеуетінің бар екенін, Қазақстан мен Катар арасындағы мемлекетаралық қатынастарды тереңдету мен кеңейтуге жеке секторды белсенді түрде тартудың маңыздылығын атап өтті. Шара барысында Қазақстанның бірқатар ұлттық компаниялары мен ірі кәсіпорындарының басшылары катарлық бизнес өкілдерінің назарына біздің елде шетелдік инвесторлар үшін жасалған экономикалық мүмкіндіктерді ұсынды.

       Қазақстандық делегация құрамында «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «Kazakh Invest» ҰК» АҚ, «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басшылары, ҚР сыртқы істер, ауыл шаруашылығы, ұлттық экономика, мәдениет және спорт вице-министрлері мен BI Group, Agro Holding Dinara Group, Target AI, Evotech CA және т.б. басқарма басшылары болды.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 14.01.2022, 13:16
"Инфекцияның келесі толқыны наурызда көбеюі мүмкін" - Алматының бас санитар дәрігері
Сайт әкімшілігі 14.01.2022, 11:49
Түркістанды ағын сумен қамтуда маңызды жобалар жүзеге асуда
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 12.01.2022, 18:14
Кәсіпкер блок - бекетте тұрғандарға жылы киім апарды
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 12.01.2022, 13:15
Қарағандылықтарды тұрмыстық газдың бағасы қинап тұр
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 12.01.2022, 10:15
Қарағандыда 43 адам қамауға алынды
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 11.01.2022, 14:00
Кеншілер мен металлургтер Президентке үндеу жолдады

Аңдатпа


  • "Қазақстан халқына" қорына білім беру ұйымдары ақша аударуға міндеті емес
    17.01.2022, 14:00
  • Алматы трагедиясы: Бас прокуратура қылмысты толық аша ала ма?!
    14.01.2022, 08:54
  • Сағынтаев Алматыдағы бүлік кезінде қайда болды? (видео)
    13.01.2022, 09:30
  • Эпид ахуал күрделеніп барады. Бас санитардың қаулысы жарияланды
    14.01.2022, 08:39
  • Бүліктен бизнеске келген залал 100 миллиард теңгеден асты
    13.01.2022, 09:08