Жамбылда 120 мыңға жуық адам 1260 бастауыш кәсіподақ ұйымға топтасқан

Сайт әкімшілігі

13.12.2020, 16:14

301

Өңірдегі кәсіподақ ұйымдарының өкілдерімен кездесу барысында Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев кәсіподақтар Федерациясы республика бойынша екі миллионға жуық мүшесі бар ірі қоғамдық бірлестік болып табылатынын атап өтті. Ал, Жамбыл облысында 120 мыңға жуық адам 1260 бастауыш кәсіподақ ұйымға топтасқан,- деп хабарлайды Жас Алаш сайты Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

— Кәсіподақтардың басты міндеті – еңбекшілердің әлеуметтік-еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғау болып қала береді, — деп атап өтті өңір басшысы.

«Жамбыл облысының Кәсіподақ орталығы» аумақтық бірлестігінің төрағасы Мейрамбек Төлепберген ұйым жұмысының негізгі бағыттары туралы баяндады.

Кәсіподақтар қызметіндегі өзекті мәселелердің бірі жалақы бойынша берешектерді уақтылы өтеу және еңбек дауларын шешу болып қалып отыр. Айталық, қазан айында облыс әкімдігінің үшжақты комиссиясының отырысында «ТаразТрансЭнерго» АҚ мен «Жандос және К» ЖШС-дегі 198 қызметкерге 29,2 миллион теңге жалақы қарызы мәселесі қаралды. Отырыс қорытындысы бойынша кәсіпорын басшыларына берешекті өтеу жөнінде нақты тапсырмалар жүктелді. Қазіргі таңда бұл жағдай шешімін табуда.

Бұл бағыттағы мақсатты шаралармен кәсіподақ орталығының құқықтық инспекциясы да айналысуда. Мамандар жұмыс берушілер мен қызметкерлер арасындағы бірқатар еңбек жанжалдары мен дауларды шешіп, нәтижесінде құқықтық айналымға миллиардтан астам теңгені қайтаруға қол жеткізген.

Кәсіподақ ұйымдарының жұмысындағы маңызды аспект ұжымдық шарттар жасасу болып табылады. 2020 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша жұмыс істеп тұрған 9,5 мың кәсіпорын 5,9 мың ұжымдық шартпен қамтылды, бұл 62,1 пайызды құрайды.

Кәсіподақ ұйымдары қауіпсіздік техникасын сақтауға барынша көңіл бөледі. Кәсіпорындар мен ұйымдарда 984 өндірістік кеңес, еңбекті қорғау жөніндегі 1302 техникалық инспектор жұмыс істейді.

Пандемияның қиын жағдайында кәсіподақ ұйымдары жұмыс берушілермен бірге медициналық мекемелердегі аз қамтылған қызметкерлердің отбасыларына және кәсіподақ мүшелеріне 123,59 миллион теңге көлемінде қаржылай және материалдық көмек көрсетті.

Рас, пайда болатын теріс тенденциялар да алаңдатады. Осылайша, кейбір бизнес-құрылымдар жеке кәсіпорындарды сенімгерлік басқаруға алып, алдымен кәсіподақтардан арылуға тырысады. "Қазфосфат" ЖШС филиалдарының кейбір учаскелерінде де күрделі жағдай қалыптасып отыр, онда жұмысшылардың жалақысы кей жағдайларда республикалық орташа деңгейден төмен болып келеді.

— Біз бұл мәселелер бойынша бірге жұмыс істейтін боламыз, өйткені кәсіподақтар мен жергілікті атқарушы органдар еңбек адамдарының мүддесі үшін өзара ынтымақта әрекет етуі керек. Аймақтағы жағдайдың жалпы тұрақтылығы, әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің көпшілігінің республикалық көрсеткіштерден жоғары десек, бұл орайда кәсіподақтардың да сіңірген еңбегі зор, — деп қорытындылады кездесуді Бердібек Сапарбаев.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 12:14
Орал тұрғындары үйді бұзуға қарсы наразылыққа шықты
Сайт әкімшілігі 15.10.2021, 17:20
Жаңа заң жобасы қабылданды
М.СӘУЛЕБЕК 15.10.2021, 12:19
Үлкен жолайрық – үлкен қалаларға тән құбылыс
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 15.10.2021, 08:25
«Мұнайдың үстінде отырып мұнайға жарымаймыз»
Еңлік АРЫҚБАЙ 15.10.2021, 08:23
Мектеп құлап жатыр: рас па?
Сайт әкімшілігі 14.10.2021, 12:01
«Атамекен-Түркістан» микро қаржы ұйымы алғашқы жобаны қаржыландырды

Аңдатпа


  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29