Жамбылда 15 адам қаза тапқан

Нұрболат ӘЛДИБЕК

11.01.2022, 13:00

1394

Бейбіт түрде басталған шерудің «шырпысы» Жамбыл жерінде де тұтанып, соңы қанды қақтығысқа ұласқаны белгілі. Жамбыл облысы әкімдігі, Полиция департаменті мен  Nur Otan  партиясы өңірлік  филиалының ғимараты өртенді.

Соңғы мәліметтер бойынша, Жамбылда қантөгіс кезінде 15 адам қаза тапқан. Оның 2-еуі құқық қорғау органдарының қызметкері. Ал 10 қаңтар жалпыұлттық аза тұту күні Жамбыл облыстық Полиция департаментінің бастығы Жанат Сүлейменов өз-өзіне қол салғаны туралы хабар тарады.  

Қаруланған топқа қарсы Полиция, ҰҚК департаменттері мен «Оңтүстік» әскери қолбасшылығының 2 мыңнан астам қызметкері, 100-ден астам арнайы техникасы жұмылдырылды.

Жаппай тәртіпсіздікке қатысушылардың жалпы саны шамамен 2 мың адамға жуық. 287 адам түрлі дене жарақатын алып, 42-адам ауруханаға жатқызылған.

Қазіргі таңда 295 күдікті ұсталып, 19-ы соттың шешімімен қамауға алынып, қылмыстық іс қозғалған. Ал 114-іне әкімшілік іс қозғалған (108 тұлға 15 тәулікке қамаққа алынса, 3-іне айыппұл салынып, 3-іне ескерту берілген).

Бұған дейін ұсталған күдіктілерден 84 дана түрлі қару-жарақ тәркіленді.

 6 мемлекеттік ғимарат (облыс әкімінің аппараты, «Nur Otan» партия филиалы, Полиция департаменті, қалалық 3 полиция бөлімі), 149 қызметтік автокөлік, 4 бизнес нысаны зардап шеккен.

Шығын мөлшерін есептеу бойынша арнайы комиссия құрылды.

Алдын-ала есептеулер бойынша жалпы облысқа келген шығын көлемі шамамен 7,6 млрд. теңгені құрайды. Тараздағытеміржол вокзалында 23.00-ден кейін пойыздан түсетін жолаушыларды арнайы  кезекші автобустар тасымалдайды» делінген ресми таратқан ақпаратта.

Қазіргі таңда қылмыскерлерді ұстау, жедел іздестіру шаралары жалғасуда.

Облыс бойынша 29 блокбекет жұмыс істеуде, оның ішінде Тараз қаласының кіріс-шығыс қақпаларына 10 блокбекет қойылған. Бұл блокбекеттерге  4 рет шабуыл жасалғанын жария етті.

Өңірде қоғамдық тыныштықты сақтау бойынша жергілікті билік пен ерікті халықтың, қоғам белсенділерінің бірлескен жұмысы жалғасуда.

Теміржол бекеті, әуежай, әскери қоймалар, «Әмір және Д» әскерилердің қорғауына алынған.

Сондай-ақ, маңызды стратегиялық нысан болып табылатын Қордай ауданы Отар әскери қалашығындағы Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ҒЗИ-ды  әскерилер қорғауға алған.

Бүгінгі күні зардап шеккен нысандарды қалпына келтіру жұмыстарына 21 арнайы техника, 160 жұмысшы тартылған. Жұмыстар ағымдағы жылдың ақпан айының соңына дейін толығымен аяқталады деп көзделуде.

 Облыс аумағында автокөлік, әуе, темір жолдары ашық. Коммуналдық қызмет көрсету мекемелері штаттық режимде жұмыс жасап жатыр. Ал медициналық мекемелер, азық-түлік дүкендері, базарлар мен жанар-жағар май құю бекеттері қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұр.

Қылмыскерлерді ұстау, жедел іздестіру шаралары жалғасуда.

Облыс бойынша 29 блок-бекет жұмыс істеуде, оның ішінде Тараз қаласының кіріс-шығыс қақпаларына 10 блок-бекет қойылған. Блок-бекеттерде шетел, басқа өңірлерден келген көліктері анықталуда.

Тегтер: митинг Жаңаөзен Алматы Ақтау Атырау Маңғыстау Қызылорда Қарағанды Орал газ көгілдір отын құқық қоғам

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 08.08.2022, 18:37
Қытайда жаңа вирус шықты
Сайт әкімшілігі 08.08.2022, 13:41
Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан 5 адам қаза тапты
Сайт әкімшілігі 08.08.2022, 09:11
Оралдағы кәсіпкер өлімі: күдіктілерді іздеуге әскерилер тартылды
Ерзия ЕРСҰҢҚАР 06.08.2022, 09:28
Төтенше жағдай қызметі заманауи талаптарға бейімделіп үлгеруде
Сайт әкімшілігі 04.08.2022, 13:22
Ақтауда полицейді пышақтап кеткен күдікті ұсталды
Сайт әкімшілігі 03.08.2022, 19:42
Әлемде маймыл шешегі өршіп барады

Аңдатпа


  • Ұлттық банк пен Үкімет қымбатшылықты құрықтауға неге қауқарсыз?
    08.08.2022, 08:49
  • Баспана аспандады, азық-түлік шарықтады, үкімет өз жөнімен қалықтап жүр...
    05.08.2022, 09:17
  • АЭС-тің арты жақсы бола ма?!
    04.08.2022, 08:55
  • «Қазақстан халқына» қорынан халыққа пайда бар ма?!
    03.08.2022, 08:59
  • «Аллаһу акбар деп айқайлаған»: Жамбыл облысында сотталушы түрменің үш қызметкерін жаралады
    02.08.2022, 08:47