Жаңа кодекс: қате төленген әлеуметтік көмекті қайтармауға болады

Еркежан АРЫН

11.08.2021, 16:49

635

      Қазақстанда 1 шілдеде мемлекеттік органдармен талас кезінде қарапайым қазақстандықтардың құқықтарын қорғауға арналған Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі қабылданды.

      Әділет вице-министрі Наталья Пан айтқандай, жаңа кодекс азаматтарды билік тарапынан мүмкін болатын теріс қылықтардан қорғауы тиіс. Мысалы, заңды шешімдердің күшін жоюдың арнайы тәртібі енгізілуде. Қазақстандық шешімнің заңды, дәйекті екеніне және егер ол кінәлі болмаса, оны өзгертуге болмайтынына сенімді болуы керек. «Айталық, азаматқа әлеуметтік көмек төленді. Кейін аудит кезінде көмек дұрыс емес мөлшерде төленгені, мемлекеттік органның кінәсінен қате шешім қабылданғаны белгілі болды. Сенім құқығын қорғау принципін ескере отырып, уәкілетті орган адал азаматтан жұмсалған қаражатты өтеуді талап ете алмайды, себебі бұл оның кінәсі емес», – деді Н.Пан.

      Басқа жаңашылдықтардың қатарында құқықтардың басымдығы қағидаты енгізілді, оған сәйкес, заңнаманың барлық күмәндары, қарама-қайшылықтары мен түсініксіздігі қарапайым азаматтардың пайдасына қарай түсіндірілетін болады. Мысалы, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін реттейтін құжатта үш күндік мерзім белгіленеді, бірақ бұл мерзімнің жұмыс күнімен немесе күнтізбелік күнмен есептелетіні көрсетілмеген. Бұл жағдайда қызмет күнтізбелік үш күн ішінде берілуі керек, себебі осындай опция азамат үшін ең қолайлы.

      Жоғарғы соттың әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Қанат Мусин атап өткендей, жаңа кодекстің нормалары әкімдік, мысалы, жер телімін беруден бас тартқан жағдайда, ал азамат бұған келіспей, сотқа жүгінген жағдайда қолданылады.

    – Сот бұл дауды жаңа кодекстің ережелері бойынша қарайды. 1 шілдеге дейін мұндай істер азаматтық сот өндірісінде қаралды, бұл тараптардың тең болуын талап ететін. Бірақ біреуде билік бар, екіншісінде жоқ болса, қандай теңдік туралы айтуға болады? Сарапшылар мен заңгерлер аппараты бар мемлекеттік мекеменің ресурстары қарапайым адамның мүмкіндіктерімен салыстыруға келмейді, – деді Мусин.

       Сонымен қатар жаңа кодексте мемлекеттік органдарды тәртіпке келтіруге бағытталады, мысалы, ақшалай айыппұл салу арқылы.

Қазіргі жағдай қалай? Мемлекеттік мекеменің өкілі сотқа келмей қалады. Алайда сот істі қарап, мемлекеттік органның пайдасына шешім шығаруы мүмкін. Енді егер ол сот отырысына келмесе немесе сотқа құжаттарды ұсынбаса, сот оған 20 АЕК (58 340 теңге) айыппұл салады. Айыппұлды соттың талабы орындалмайынша, бірнеше рет қолдануға болады.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 16:55
Нұралықтар-қауырт қимыл үстінде
Таңшолпан ҒАЗИЗҚЫЗЫ 17.09.2021, 11:38
Қоқыс та қордалы мәселе
Мариям МАҚСАТ 17.09.2021, 09:13
«Басшымыз күн көрсетпейді»
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 17.09.2021, 08:28
Қарағанды облысындағы мектептерде короновирус қаулап барады
Б.СӘРСЕНБИ 17.09.2021, 04:29
«Балаларға вакцина салынады» деген жалған
Еркежан АРЫН 16.09.2021, 16:30
Қазақстандықтар министрліктердің нормативтік-құқықтық актілерін белсенді талқылауда

Аңдатпа


  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39