Жергілікті биліктен күдер үзіп отыр

Нұр-Қасым ЖОМАРТ

01.07.2022, 06:49

1726

Арал ауданы Қамыстыбас ауылында жалпы жұрт Қамбаш атап кеткен көл бар. Жаз басталса жағасын қалың қауым демалыс аймағына айналдырады. Облыстың туризмдік аймағы аталады. Осы көл жағасындағы Қамыстыбас ауылында демалушылардан бөлек көршілес қоныстанған бес-алты ауыл тұрғыны бас ауырып, балтыры сыздаса баратын 25 орынды аурухана бар еді. Алайда емдеу орны күрделі жөндеуден өткенімен ел игілігін көре алмай отыр.

Шалғайдағы ауылдардың тұрғындары сапалы медициналық қызметке қол жеткізе алмай отырғасын мәселенің мәнісіне үңіліп көрдік. Сөйтсек...

Қамыстыбас ауылындағы 25 орынды аурухана 2015 жылы күрделі жөндеуден өткен. Осыдан кейін мемлекет қаржысына жөнделген аурухана жабылып қалған. Салдарынан 17 мыңға жуық тұрғын ем алып, жату үшін аудан орталығындағы ауруханаға қатынауға мәжбүр. Шағын аурухана Қамыстыбас ауылына ғана емес, алыс-жақын маңдағы елді мекен тұрғындары үшін де ем алуға қолайлы еді, дейді тұрғындар. Емдеу орнының жабылуы осылайша шалғайдағы жұртты жабырқатып тұр. Өйткені, ауруы жанына батқан науқастардың жүздеген шақырым жолды артқа тастап, Аралға жетуінің өзі мұңға айналған.

— Бұл аурухана сонау Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде де жұмыс істеген. Мына шеті Қаратерең, Жаңақұрылыс анау Ақшатау, Шөмішкөл аржағында Аралқұмнан бермен қарай бәрі осы Қамбаштың ауруханасына барып емделетін. Бас ауырып, балтыр сыздамай тұрмайды ғой, қайта ашып берсе екен дейміз, — деді ауыл тұрғыны Қарасай Тәжімбетов.

Қайта жаңғыртудан өткен ауруханада науқастардың жатып ем алуына мүмкіндік бар. Бірақ, нысан ендігі аурухана емес күндізгі медициналық көмек көрсететін амбулаторияға айналған. Ал салаға жауаптылар 25 орынды стационар қазіргі заң нормаларына сәйкес жұмысын тоқтатты деп отыр.

— Денсаулық сақтау министрлігінің нормативіне сәйкес жұмыс жасалып жатыр. Республика бойынша кез келген елді мекенде халық саны мен перспективасына байланысты 5 мыңнан асқан жағдайда ол жерде стационарлық аурухананың бір бөлігін ашуға мүмкіншілік бар, — дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жангелді Шайымбетов.

Ал тұрғындар болса сонша қаржыға жөнделген медициналық нысанның емхана емес аурухана болғанын қалайды. Сондықтан референдум мен «Жаңа Қазақстанға» үмітпен қарайтын аралдықтар денсаулық сақтау саласының құқықтық нормалары қайта қаралса деген тілегін айтады.

— 17-19 мың тұрғыны бар Қамбаш халқының, Аралға дейінгі екі ортадағы жол жағдайын ескере отырып, 25 орындық аурухананы ашып берсе екен, — дейді Қамыстыбас ауылының тұрғыны Амангелді Бейсембаев.

Шалғайдағы елді мекен тұрғындары жергілікті әкімдіктің табалдырығын тоздырып, аурухана мәселесін талай көтергенімен одан еш нәтиже шықпаған. Жұрт «жоғарыдағы еститін Үкімет аралдықтардың базынасына құлақ асса екен» деп жергілікті биліктен күдер үзіп отыр.

Тегтер: жол әкім жергілікті билік халық наразылық

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Арайлым ЕРКЕБАЕВА 15.08.2022, 09:05
Діннен тірек таба алмай адасқандарға ақпараттық түсіндіру тобы көмекке келуде
Сайт әкімшілігі 12.08.2022, 10:21
Қарағанды облысында жол-көлік апаты салдарынан үш адам қаза тапты
Сайт әкімшілігі 12.08.2022, 08:51
ШҚО-да қарттар үйінің лауазымды тұлғалары 7,4 млн теңге жымқырған
Бифат ЕЛТАЕВА 11.08.2022, 16:56
Жас таланттарды анықтайтын жоба
Сайт әкімшілігі 11.08.2022, 15:06
Қостанайда балабақша тәрбиешісі үш жасар бүлдіршіннің сүйегін сындырған – министрлік
Сайт әкімшілігі 11.08.2022, 10:22
Қазақстанның бірқатар өңірінде бейсенбі күні бұршақ аралас жаңбыр күтіледі

Аңдатпа


  • "Төбесі құлап жатыр". Талғарда 3 миллиард теңгеге салынған мектеп төңірегінде дау туды
    15.08.2022, 08:58
  • Қасақана өртеді: Тараздағы әскери бөлімдегі жарылысқа қатысты тың дерек шықты
    12.08.2022, 08:47
  • «Үйдің жыртығын жамау мүмкін емес»: Елордада 50 жыл болған жатақхана құлағалы тұр
    11.08.2022, 09:04
  • Смайыловтың Президентке ұсынған болжамы дөп келе ме?
    10.08.2022, 09:37
  • «ЭКСПО-2017»: Миллиардттарға салынған мақтаулы нысандар су астында қалды
    09.08.2022, 08:49