Жол сапасына кім жауапты?

Еңлік АБАҒАН

02.09.2021, 17:21

831

Алматы облысы Ескелді ауданына қарасты Абай ауылының тұрғындары үшін 2021 жылдың жазы оңайға соқпады. Ауыл тұрғындары күнделікті күйбең тірліктен бөлек, құрылысшылармен қарым-қатынас анықтауға мәжбүр болды.

Көп жылдан бері жөндеу көрмеген ауылдың орталық көшесіне асфальт төсей бастады. Бірақ, жаңа көшенің қызығын көреміз деген ауыл тұрғындары қиыншылығын көруде. Құрылысшылар белгісіз бір себеппен көшені биік салған. Нәтижесінде, тұрғын баспаналары жартас ортасында қалғандай болып қалды.

– Менің үйім төбенің жанында орналасқан. Енді екінші жағынан жол көтерілді. Қашан жауын жауса болды, біздің үй су ішінде қалып қояды. Сарайдың іргетасы қазірдің өзінде суланып, қабырғалары дымқыл болды. Қайта жөндеуді қажет етеді. Қаржылық шығынға ұшырап жатырмын, –

дейді Гүлзира Алихан есімді ауыл тұрғыны үйлерінің жанында бұзылған және шөпке толып кеткен арықтарды көрсетті. Ал кейбіреулерінде қақпаның жанында түкке қажетсіз, тар құбырлар пайда болған.

Бізде бұрын арықтан су жүретін. Бірақ құрылысшылар барлық каналдарды, көпірлер мен су тораптарын жойып, бізді суғаруға қолданатын судан қалдырды. Әкімдікте бұл жоба деп айтады. Егер тапсырыс беруші мен мердігер бізді тыңдайтын болса, мұндай кемшіліктер мен түсініспеушіліктер болмас еді. Адамдар мал ұстайды, үйге шөп әкеледі. Бірақ бәрі өз үйлеріне қалыпты кіреберістерден айырылды. Біз комиссия құруға ниеттіміз, орындалған жұмыстардың актілерін қабылдамауын талап етеміз, – дейді ауылдың байырғы тұрғыны Сағындық Сейітов.

Ауыл тұрғындарымен кездесуге келген тапсырыс берушілер мен Ескелді ауданы әкімдігінің шенеуніктері бір де бір сөз айтқан жоқ. Тұрғындармен бірге олар құрылысшылар жұмысын тағы бір рет зерттеп, ыңғайлы жұмыс бөлмелеріне барды.

«Талдықорған Жолдары» ЖШС-не келетін болсақ, бұл фирма туралы әлеуметтік желілерде біраз даулы мәселелер көтерілген. Мысалы, Балқаш маңындағы жол құрылысына байланысты шу шыққан еді. Ол жерде сол мердігер асфальтты тікелей құмға төсеп, халықтың наразылығына ұшыраған-ды.

Тегтер: жол құрылысы кептеліс мәселе әкімдік жергілікті әкімшілік қаражат

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Миуа БАЙНАЗАРОВА 08:40
Әділхан ЖӨЛЕКЕШОВ: Оқушыларымыз карантиндік талапқа сай білім алуда
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 20.09.2021, 18:23
Қарағандыда құрылыс басында қазалы жағдай орын алды
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 20.09.2021, 16:55
Нұралықтар-қауырт қимыл үстінде
Таңшолпан ҒАЗИЗҚЫЗЫ 17.09.2021, 11:38
Қоқыс та қордалы мәселе
Мариям МАҚСАТ 17.09.2021, 09:13
«Басшымыз күн көрсетпейді»
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 17.09.2021, 08:28
Қарағанды облысындағы мектептерде короновирус қаулап барады

Аңдатпа


  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39