Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:55, 16 Ақпан 2024

Марат Жыланбаев денсаулығына байланысты аштықты тоқтатты

Жыланбаев
Фото: из открытых источников

Бұл туралы белсендінің адвокаты Мейіржан Досқараев мәлімдеді. 

– Аштықты дүйсенбіде тоқтатты. Денсаулығына байланысты, – дейді Мейіржан Досқараев.

1 ақпанда Қоғамдық бақылау комиссиясының өкілдері Олжас Сыздықов пен Людмила Шаврова Степногорск түрмесінде отырған оппозиция белсендісі Марат Жыланбаевқа барды. Жыланбаев 26 қаңтарда Астананың тергеу изоляторынан Степногорск түрмесіне ауыстырылды. Ол 2022 жылдың қарашасында экстремистік ұйымның жұмысына араласты және экстремизмді қаржыландырды деген айыппен 7 жылға бас бостандығынан айырылған.

Еске салайық, бұған дейін Жыланбаев сот үкімімен келіспейтінін білдіру үшін 1 наурызға дейін аштық жариялауды жалғастыру ниеті барын жеткізген болатын.