Мектепте намаз оқыған: Оқу-ағарту министрлігі тексеріс бастады
Желіде бір топ оқушының мектепте намаз оқыған видеосы тарады. Осыған орай оқу-ағарту министрлігі тексеріс бастады, деп хабарлайды Zhasalash.kz.
Желіде тарап жатқан жазбадан оқушылардың сәждеге жығылып жатқанын байқауға болады. Олардың арт жағында мектеп партасы көрінеді. Спорттық киім киген бозбалалар қай мектепте оқитыны әзірге белгісіз. Оқиғаның қай өңірде болғаны да беймәлім. Жалпы заң бойынша оқу орындарында діни құлшылық жасауға тыйым салынған.
Ведомство өкілдері сабақ барысында құлшылық жасауға рұқсат берген білім ошағын анықтап, шара қолданбақ.
Еске салайық, бұған дейін ақтөбелік орамалды оқушылардың ата-аналары биліктен елімізде онлайн оқытуды ресми түрде заңдастыруды талап еткен болатын. Оған себеп хиджабқа тыйым салынғандықтан, мектепке барудан оқшауланып қалған.