Қоғам

Райымбек ауданында әлеуметтік тұрғын үйге бөлінген 101 млн теңгені жымқырғандар сотталды

Алматы облысының Райымбек ауданында әлеуметтік осал азаматтарға арналған тұрғын үй сатып алуға бөлінген бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша үш адам сотталды.

Сот үкімі

Райымбек ауданының прокуратурасы 2019–2024 жылдары әлеуметтік санаттағы азаматтарға тұрғын үй сатып алуға бағытталған мемлекеттік сатып алуларға талдау жүргізген. Тексеру барысында жалпы құны 596 млн теңгеден асатын 55 тұрғын үй сатып алынғаны анықталған.

Прокуратура мәліметінше, тұрғын үйлердің құны негізсіз көтеріліп, бюджеттен бөлінген қаражаттың бір бөлігі кейін қолма-қол ақшаға айналдырылып, схемаға қатысушылар арасында бөлінген.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижесінде мемлекетке 101,4 млн теңге көлемінде залал келгені анықталды.

2026 жылғы 5 тамызда сот үш адамды ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабында көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп таныды. Оларға 7–8 жыл аралығында бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

Сот үкімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз