Қоғам

Ормуз бұғазы жабылса, Африкада азық-түлік дағдарысы күшеюі мүмкін

Ормуз бұғазы жабылған жағдайда Африка құрлығында азық-түлік қауіпсіздігіне қатысты ауыр салдарлар туындауы мүмкін. Бұл туралы британдық басылым The Guardian дерегіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Эфиопия

Сахараның оңтүстігіндегі елдер, соның ішінде Эфиопия мен Кения ауыл шаруашылығын дамытуда сырттан келетін тыңайтқыштарға тәуелді. Бұл өнімдер егін өнімділігін арттыруда шешуші рөл атқарады.

Әлемдік нарықтағы деректерге сәйкес,   тыңайтқыш өндірісінің үштен бірінен астамы дәл осы өңірге тиесілі. Соңғы геосаяси шиеленістер басталғалы бері оның бағасы шамамен 70 пайызға қымбаттаған. Бұл жағдай фермерлердің шығындарын арттырып, ауыл шаруашылығы өнімдерінің өзіндік құнына тікелей әсер етуде.

Тыңайтқыш тапшылығы елдер арасындағы бәсекені күшейтіп, шектеулі ресурстар үшін күресті ушықтыруда. Мұндай жағдайда қаржылық мүмкіндігі әлсіз мемлекеттер қиын жағдайға тап болып отыр.

Сарапшылардың айтуынша, дамушы елдер жаһандық нарықтағы баға ауытқуларына көбірек тәуелді болғандықтан, дағдарыстың салдарын ауыр сезінеді.

Ал Еуропа елдері бұл жағдайға жедел бейімделу шараларын қолға алуда. Олардың қатарында мемлекеттік субсидиялау ережелерін жұмсарту және фермерлерге тікелей қаржылай гранттар бөлу арқылы өндірістік шығындарды азайту тетіктері бар.

Сонымен қатар, Африкадағы аграрлық сектор қосымша қиындықтарға тап болып отыр. Климаттық өзгерістер, ұзаққа созылған құрғақшылық және топырақтың тозуы ауыл шаруашылығының тұрақтылығына қосымша қауіп төндіруде. Бұл факторлар тыңайтқыш тапшылығымен бірге азық-түлік өндірісін төмендетуі мүмкін.

Сарапшылардың пікірінше, егер Ормуз бұғазындағы жағдай ушыға түссе, оның салдары тек аймақтық деңгейде емес, жаһандық азық-түлік нарығында да сезілуі ықтимал.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз