Қоғам

Қазақстан халықаралық автомобиль жүк тасымалының бірыңғай ережелеріне қосылады

Құрылтай халықаралық жүк тасымалындағы "Жүктерді халықаралық жолмен тасымалдау шарты туралы конвенцияны ратификациялау туралы" заңды екі оқылымда мақұлдады.

Жүк көлігі

Конвенция 1956 жылғы 19 мамырда Женева қаласында қабылданған. Құжат жүктерді халықаралық автомобиль жолымен тасымалдау шартын жасасудың, орындаудың және бұзудың бірыңғай ережелерін белгілейді. Сондай-ақ тасымалдаушының шарт талаптарын орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілігін айқындайды.

Бүгінде Конвенцияға 58 мемлекет, оның ішінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы барлық ел қосылған.

Қазақстанның Конвенция ережелерін қолдануы отандық және шетелдік тасымалдаушылардың жұмыс шарттарын біріздендіру, тасымалдаушылардың жауапкершілігін айқындау, талаптар қою мен хабарламалар жіберу мерзімдерін белгілеу, сондай-ақ халықаралық автомобиль жүк тасымалы шарттарын жасасудың бірыңғай ережелерін қалыптастыру көзделген.

Конвенцияны ратификациялау Қазақстанның оған қатысушы мемлекеттермен экономикалық ынтымақтастық саласындағы өзара іс-қимылын нығайтуға жол ашады.

Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз