Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 09:00

АҚШ-та Дональд Трампты қолдайтындардың саны айтарлықтай азайған

Трамп
Фото: ашық дереккөз

Президенттік өкілеттігінің 100-ші күнінде Дональд Трамп соңғы АҚШ президенттері арасында халықтың ең төмен қолдауына ие болды.

Оның қазіргі рейтингінің өзі сегіз жыл бұрынғы көрсеткішінен де төмен.

Соңғы сауалнамаларға сәйкес, президенттік өкілеттігінің 100-ші күнінде Трамптың қызметіне жалпы қолдау деңгейі 44%-ды құрады. Бұл наурыз айымен салыстырғанда 5 пайыздық тармаққа төмен (наурызда 49% болған).

Бұл көрсеткіш АҚШ-тың бұрынғы президенттері — Джо Байденнің (54%), Барак Обаманың (62%) және Джордж Буштың (63%) 100 күндік президенттіктен кейінгі қолдау деңгейінен әлдеқайда төмен. Бұған қоса, бұл сегіз жыл бұрынғы Трамптың өзі иеленген 45%-дық көрсеткіштен де 1 пайыздық тармаққа аз.

Басылым мәліметінше, қазір америкалық сайлаушылардың шамамен 59%-ы елдегі жағдайға көңілі толмайды. Бұл көрсеткіш бұрынғы президент Джо Байденнің өкілеттігі аяқталған кездегі 68%-дық наразылық деңгейінен жақсарғанымен, Байденнің алғашқы мерзімінің басындағы көрсеткіштен (53%) нашар.