Қоғам

Түркістанда жоғалған 4 жасар баланың денесі табылды

Түркістанда екі күн қатарынан іздестірілген 4 жасар баланың өлі денесі табылды, деп хабарлайды Zhasalash.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Түркістан

3 желтоқсан күні түстен кейін үздіксіз іздестіру нәтижесінде 4 жасар баланың денесі көрші үйдің жанындағы септиктен табылды. Баланың денесін медициналық сарапшылар тексерді, зорлық-зомбылықпен өлім белгілері табылған жоқ.

Қазіргі уақытта оқиға орнында жедел-тергеу тобының қызметкерлері, полиция департаменті мен прокуратура басшылығы жүр. Болған оқиғаның барлық жағдайлары анықталады.

1 желтоқсан күні кешке жергілікті тұрғын қала полициясына хабарласып, ойнауға шыққан 4 жасар ұлы үйіне оралмағанын жеткізген еді.

Жоғалған баланы іздеуге полиция департаментінің барлық күштері мен құралдары, сондай-ақ Ұлттық ұланның құтқарушылары мен әскери қызметшілері жұмылдырылды. Баланы іздеуде еріктілер, жергілікті тұрғындар және бей-жай қарамайтын азаматтар да көмек көрсетті.

Жақын маңдағы аумақтарды, тұрғын үйлерді аралау жүргізілді, қараусыз қалған үйлер, арықтар және кішкентай бала бара алатын басқа да орындар тексерілді.

Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.
Тегтер: Түркістан
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз