09:11, 08 Ақпан 2024
Алматыда тұрғын үйлерді лай көшкіні басып қалды
Апатқа топырақтың батпақтануы себеп болған. Салдарынан екі үй зардап шекті, деп жазды Zhasalash.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша үйлерде 4 адам болған, екеуі - бала.
Жылжыма көлемі - 3200 текше метр. Министрлік бұл топырақ жылжымасы екенін хабарлады. Тереңдігі бір метрге дейінгі топырақтың жұқа қабаты салмақ әсерінен төмен қарай ығысқан.
Жақын маңдағы үйлердің тұрғындары эвакуацияланды.
Оқиға орнында 160-тан астам құтқарушылар жұмыс істеп жатыр.
Алматыдағы оқиғадан кейін адамдарды іздеп жатыр.