Саясат

Тоқаев AMANAT партиясының бұрынғы төрағасы Ерлан Қошановқа алғыс айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев AMANAT партиясының бұрынғы төрағасы Ерлан Қошановқа аталған лауазымдағы адал, тиімді әрі пайдалы қызметі үшін алғыс білдірді.

Тоқаев

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы сондай-ақ жуырда өткен съезінде ӘДІЛЕТ партиясы құрамына қосылу туралы тарихи шешім қабылдаған AMANAT партиясының барлық мүшелеріне ризашылығын жеткізді.

Президенттің айтуынша, AMANAT партиясы мемлекетті жаңғыртуға, заң үстемдігі мен қоғамдық тәртіп қағидаттарына негізделген Әділетті Қазақстанды құру ісіне елеулі үлес қосты.

Тоқаев партия мүшелері енді ӘДІЛЕТ партиясы қатарында да ел игілігі жолында белсенді әрі нәтижелі қызметін жалғастыратынына сенім білдірді.

«Партияшыл-патриоттардың ӘДІЛЕТ партиясы құрамында Отанымыздың игілігі үшін белсенді және нәтижелі қызметін жалғастыратынына сенімдімін», – деді Мемлекет басшысы.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз