Қоғам

Қасым-Жомарт Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті

Президенттің Түркістан облысына жұмыс сапары Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етуден басталды.

к

Мемлекет басшысы ақын, ғұлама, бүкіл түркі дүниесіне ортақ рухани ұстаз Қожа Ахмет Ясауидің және кесене аумағында жерленген басқа да тарихи тұлғалардың рухына тағзым етіп, құран бағыштады, делінген Ақорда хабарламасында.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енген кесенеде жүргізіліп жатқан кешенді ғылыми-зерттеу жұмыстары жөнінде баяндалды.

Айта кетейік, Үкімет қаулысымен Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мемлекеттік қорғауға алынған болатын.

Nazym Sapar
Nazym Sapar Nazym Sapar

Оқыңыз