Астанада табадағы май тұтанып, көпқабатты үйде өрт шықты
Астана қаласында Қалдаяқов көшесі бойындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде өрт болды.
Өрт 22 қабатты тұрғын үйдің 7-қабатындағы пәтерден шыққан.
Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігі қызметкерлері оқиға орнына жедел жетіп, жалынды 10 шаршы метр аумақта қысқа уақыт ішінде сөндірген. Тұрғындар өрт сөндірушілер келгенге дейін өздігінен эвакуацияланған. Оқиға барысында құтқарушылар пәтер ішіндегі мысықты алып шығып, оған көмек көрсеткен.
Алдын ала мәлімет бойынша, өрттің шығуына тамақ дайындау кезінде табадағы майдың тұтануы себеп болған. Зардап шеккендер жоқ.