Әлеумет

Медеу мен Шымбұлаққа көлікпен кіру тәртібі өзгереді

Алматы мәслихаты ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға көлікпен кірудің жаңа тәртібін қолдады.

Шымбұлақ

Жаңа талапқа сәйкес, іштен жанатын қозғалтқышы бар көліктердің Медеу мен Шымбұлақ аумағына қозғалысына шектеу қойылады.

Ал электромобильдерге жұмыс күндері аталған аумақтарға кіруге рұқсат беріледі. Алайда демалыс және мереке күндері бұл шектеу электр көліктеріне де қолданылады.

Сонымен қатар аумақта тұратын азаматтардың, жедел жәрдем, коммуналдық және басқа да арнайы қызмет көліктерінің қозғалысына ерекше тәртіп қарастырылған.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз