Әлеумет

ҚТЖ жемқорлық дауы кезінде 9,4 млрд теңгеге костюм сатып алмақ

ҚТЖ жемқорлық дауы кезінде 9,4 млрд теңгеге костюм сатып алмақ

ҚТЖ

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы басшылығының ұсталуына байланысты жемқорлық дауы жүріп жатқан тұста 9,4 млрд теңгеге жуық сомаға костюм сатып алуға тендер жариялаған.

Мемлекеттік сатып алулардың бірыңғай платформасында жарияланған №1264477 тендердің жалпы құны – 9 384 208 816 теңге. Сатып алу нысаны «Костюм» деп көрсетілген. Тапсырыс беруші – «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы.

Конкурсқа өтінім қабылдау 2 қарашада басталып, 13 қарашада аяқталған.

Айта кетейік, бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Самұрық-Қазына» қорының басшысы Нұрлан Жақыпов пен ҚТЖ басшысы Елжас Отыншиевтің ұсталғанын растаған. Олар жемқорлыққа қатысты іс бойынша күдікке ілінген.

13 қарашада Қауіпсіздік кеңесінің отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев аталған басшылардың ұсталуын ұлттық компаниялардағы ауқымды жемқорлықтың белгісі ретінде бағалап, ҚТЖ жұмысын сынға алды.

14 қарашада ҚТЖ тергеу органдарына жан-жақты көмек көрсетіп жатқанын мәлімдеді.

Әзірге 9,4 млрд теңгеге қандай костюмдер, қанша дана және қандай мақсатта сатып алынатыны нақтыланбаған. Сондай-ақ тендердің қорытындысы мен келісімшарт жасалған-жасалмағаны туралы ақпарат келтірілмеген.

Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.
Тегтер: ҚТЖ
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз