Әлеумет

Пара беруге оқталған адам шенеунік ақшаны алмаса да жауапқа тартылады

Қазақстанда лауазымды тұлға парадан бас тартқан жағдайда да оны ұсынған адам қылмыстық жауапкершіліктен босатылмайды.

Пара

Оның үстіне заңсыз сыйақының мөлшері де маңызды емес. Бұл туралы Астана қаласы прокурорының көмекшісі Нұрдәулет Әбуов Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.

Оның айтуынша, егер қылмыстық жауапкершілікке тартуға заңды негіз болса, мемлекеттік қызметкер немесе полиция қызметкері ақшаны алудан үзілді-кесілді бас тартса да, пара ұсынған азамат жауапқа тартылады.

10 мың теңге ұсынған жүргізуші жазаланды

Прокурор мұны Астана сотында қаралған істердің бірімен түсіндірді. Жүргізуші өзіне әкімшілік хаттама толтырмауы үшін патрульдік полиция инспекторына 10 мың теңге ұсынған. Алайда полицей ақшаны алудан бас тартқан. Соған қарамастан, жүргізушінің әрекеті пара беруге оқталу деп бағаланды.

Сот оған ірі көлемде айыппұл салып, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айырған.

"Бұл жағдай әкімшілік жауапкершіліктен заңсыз жолмен құтылуға тырысу одан да ауыр қылмыстық-құқықтық салдарға әкелуі мүмкін екенін көрсетеді", – деді прокуратура өкілі.

Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз