Әлеумет

Президент Үкіметке жемқорлықпен күрес жоспарын әзірлеуге 10 күн уақыт берді

Үкімет пен бақылаушы органдар 24 қарашаға дейін сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарын барынша азайту жөнінде нақты ұсыныстар әзірлеуі керек.

Тоқаев

Сондай-ақ квазимемлекеттік сектордағы компаниялар мен олардың қызметкерлерінің жұмыс сапасын айтарлықтай жақсарту жолдарын ұсынуы тиіс.

"Жоғары лауазымға ие болу – әрқашан және әрдайым жүктелетін жоғары жауапкершілікті дұрыс түсіну деген сөз. Қоғамымызда атқаратын лауазымына, сіңірген еңбегіне не болмаса тамыр-таныстарына, соның ішінде туыстық байланыстарына қарамастан, ешкім де заңнан аттап кете алмайды. Бұл – мен үшін мызғымайтын, яғни өзгермейтін ұстаным", – деді Тоқаев. 

Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз