Әлеумет

Ант қабылдау кезінде есінен танып қала жаздаған сарбаздың видеосына қатысты министрлік түсініктеме берді

Әлеуметтік желілерде Аягөз гарнизонында түсірілген сарбаздың ант қабылдау рәсімі кезінде жағдайы нашарлаған сәті қайта тарады.

Сарбаз

Алайда видео 2024 жылы түсірілген. Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, сарбаз қатты қобалжығандықтан басы айналған. Оған дер кезінде медициналық көмек көрсетіліп, денсаулығына қауіп төнбеген.

Jaq.Ortcom орталығының хабарлауынша, сарбаз мерзімді әскери қызметін аяқтап, запасқа шығарылған.

Ведомство өкілдері әлеуметтік желіде тараған архивтік видео қазіргі жағдайды көрсетпейтінін атап өтті.

Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз