СҚО-да жол апаты орнында фельдшерге қол көтерген мас ер адам сотталды
Солтүстік Қазақстан облысында жол-көлік оқиғасы болған жерге көмек көрсетуге келген жедел жәрдем фельдшеріне шабуыл жасаған ер адамға сот үкімі шықты.
Оқиға 23 маусым күні Шал ақын ауданындағы Ұзынжар ауылының маңында болған. Lada автокөлігі жолдан шығып кетіп, Чудесай өзенінің маңында аударылған. Оқиға орнына полиция мен жедел жәрдем қызметкерлері жеткен.
Анықталғандай, көлікті басқарған 52 жастағы жүргізуші мас күйде болған. Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетіліп жатқан сәтте көліктегі 62 жастағы жолаушы, оның да мас болғаны белгілі, аяқ астынан 37 жастағы фельдшер әйелге шабуыл жасаған. Ол медицина қызметкерін бірнеше рет аяғының сирағы мен ішінен теуіп, кейін білегінен ұстап алған. Агрессивті ер адамды полиция қызметкерлері тоқтатып, уақытша ұстау изоляторына қамаған. Кейін оған медицина қызметкеріне күш қолдану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Сот оны кінәлі деп танып, 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды. Жазасын ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде өтейтін болады.
Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.
Ал жол апатына себеп болған жүргізуші мас күйде көлік жүргізгені үшін 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылған.