"Есілдің суы қайда кетті?": Әкімдік түсініктеме берді
Астанада Есіл өзенінің суы не себепті тартылғаны анықталды.
Әлеуметтік желіде Астана тұрғыны Есіл өзеніндегі су деңгейінің төмендеп кеткенін көрсететін видео жариялап, жұрттың алаңдаушылығын туғызған еді. Осыған байланысты қала әкімдігі жауап берді.
Әкімдік мәліметінше, өзендегі су деңгейінің төмендеуіне Есілдегі суды реттейтін бөгеттің бесінші кезеңінде жүргізілген жоспарлы құрылыс жұмыстары себеп болған.
Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары аяқталған. Әкімдік өкілдерінің айтуынша, өзендегі су деңгейі қайта көтеріле бастады.
Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.