Тоқаев әлеуметтік төлемдердің қысқаруына қатысты пікір білдірді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет осы бағыттағы төлемдерді жан-жақты тексеріп жатқанын мәлімдеді.
Қазақстанда әлеуметтік жеңілдіктер көп болғанымен, олардың кейбірі бюджет қаражатын орынсыз жұмсауға әкеліп отыр. Президент бұл туралы Республика күніне арналған салтанатты жиында айтты.
"Қазақстанда әлеуметтік жеңілдіктердің түрі көп. Алайда кейбір төлемдер қаражатты орынсыз шашумен пара-пар. Сондықтан Үкімет қазір осы саланы егжей-тегжейлі талдап, жағдайды зерделеп жатыр", – деді ол.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы елдегі білім беру саласын жан-жақты дамыту қажеттігін атап өтті. Осыған байланысты Үкіметті, мемлекеттік қызметшілер мен депутаттарды саладағы кемшіліктерді жоюға шақырды.