Трамп тағы да Бейбітшілік бойынша Нобель сыйлығына ұсынылды
2026 жылғы Бейбітшілік жөніндегі Нобель сыйлығына АҚШ-тың президенті Дональд Трамп қайтадан үміткер ретінде ұсынылды.
Норвегия Нобель комитетінің хатшысы Кристиан Берг Харпвикен 2026 жылғы сыйлыққа барлығы 287 өтінім (208 жеке тұлға және 79 ұйым) түскенін мәлімдеді. Олардың қатарында Трамптың да болуы мүмкін екенін Reuters жазды.
Бірқатар елдер мен саясаткерлер Трампты кандидат ретінде ұсынып үлгерген. Олардың қатарында: – Камбоджа (премьер-министр Хун Манет),
– Израиль (премьер-министр Биньямин Нетаньяху),
– Пәкістан үкіметі,
– Жапония (премьер-министр Санаэ Такаити),
– АҚШ конгрессмендері, соның ішінде Анна Полина Луна, Клаудия Тенни (үшінші рет ұсынып отыр) және Бадди Картер бар.
Номинация Трамптың халықаралық келіссөздердегі және қақтығыстарды реттеудегі рөлімен байланыстырылады (әсіресе Израиль–ХАМАС және өзге де аймақтық келісімдер контекстінде).
Айта кетейік, 2025 жылы бұл сыйлық венесуэлалық оппозиция өкілі Мария Корина Мачадо берілген болатын. Осыдан кейін Трамптың жақтастары 2026 жылға арналған науқанды бірден бастаған.
Трамптың өзі де бұл марапатқа «лайық» екенін бірнеше рет айтып, кейде «бірнеше рет лайықпын» деп әзілдеген.
Алайда номинация жеңісті білдірмейді. Нобель комитеті үміткерлерді құпия түрде қарастырады, ал 2026 жылғы лауреат қазан айында жарияланады.
Сарапшылар Трамптың мүмкіндігін белсенді талқылап жатыр, бірақ шешім алдағы геосаяси оқиғаларға тікелей байланысты болмақ.