Қоғам

Ресей Қазақстанға мұнай беріп, өндірілген отынның 70 пайызын қайта алады

Ресей Қазақстандағы «Конденсат» мұнай өңдеу зауытын өз мұнайымен қамтамасыз етуді ұсынған. Шикізат кәсіпорында өңделіп, өндірілген бензин мен дизельдің басым бөлігі қайтадан Ресейге жөнелтіледі. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлімдеді.

Ақтау

Министрдің айтуынша, келісім бойынша өндірілген сұранысқа ие мұнай өнімдерінің 30 пайызына дейін Қазақстанда қалады, ал қалған бөлігі Ресейге жіберіледі. Қазірдің өзінде Ресейге АИ-92 маркалы бензиннің шағын партияларын жеткізу басталған.

Ресейлік мұнай Қазақстанға теміржол арқылы тасымалданады. Себебі Ресейдің мұнай тасымалдау жүйесі мен «Конденсат» зауыты арасында тікелей мұнай құбыры жоқ. Сондықтан жеткізу көлемі теміржол инфрақұрылымының өткізу мүмкіндігіне байланысты болады. Ақкенженов сонымен қатар «Конденсат» компаниясының 50 пайызы ресейлік компанияға тиесілі екенін айтты. Алайда оның атауын нақтыламады.

Министрдің сөзінше, келісім Қазақстан үшін санкциялық тәуекел тудырмайды. Себебі зауыттағы үлеске иелік ететін ресейлік компания санкциялық тізімге енгізілмеген. Ведомство бұл келісімнің Қазақстанға экономикалық пайдасы барын да атап өтті. Атап айтқанда, қосымша инвестиция тартылып, жұмыс орындары сақталады.

Бұдан бөлек, зауыттың жаңа иесі Қазақстанның Даму банкі алдындағы шамамен 100 млн доллар қарызын өтеген.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз