Президент Тоқаев Түркістанға келді
Тоқаев Түркістан қаласына келді. Бұл туралы Ақорда жазды.
Бүгін, 15 мамыр күні Түркістанда Organization of Turkic States-ке мүше елдер лидерлерінің бейресми саммиті өтеді. Саммиттің негізгі тақырыбы – «Жасанды интеллект және цифрлық даму».
Іс-шараға Режеп Тайып Ердоған да қатысады.
Еске салайық, 13-14 мамыр күндері Президент Тоқаевтың шақыруымен Түркия президенті Ердоған Астанаға мемлекеттік сапармен келген болатын. Мемлекет басшылары келіссөз жүргізіп, қазақ-түрік ынтымақтастығының қазіргі ахуалы мен болашағын талқылады.
Сонымен қатар, Тоқаев пен Ердоған Қазақстан мен Түркия арасындағы Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің алтыншы отырысын өткізді.