Ресей Байқоңырдан кетпейді: «Роскосмос» мәлімдеме жасады
«Роскосмос» мемлекеттік корпорациясының бас директоры Дмитрий Баканов Байқоңыр ғарыш айлағы бойынша Қазақстанмен ынтымақтастық тоқтайды деген ақпаратты жоққа шығарды.
Ол бұл туралы «Вести» басылымына берген сұхбатында айтты. Бакановтың сөзінше, Ресей пайдаланатын үш негізгі ғарыш айлағының бірі саналатын Байқоңырдағы жұмысты қысқарту жоспарда жоқ.
Сондай-ақ тараптар «Протон-М» зымырандарын ұшыруды жалғастыру жөнінде келісімге келген.
Бұдан бөлек, Қазақстан мен Ресей Байқоңырдағы «Бәйтерек» ғарыш кешенінен «Союз-5» («Сұңқар») зымыранын ұшыру бойынша бірлескен жобаны жүзеге асырып жатыр.