Бүгін, 10:40
«Владимир, тоқтат!» – Трамп Украинада қаза болған ресейлік сарбаздар жайлы айтты

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресейдің Киевке жасаған шабуылдарына наразылық білдірді.
– Ресейдің Киевке бағыттаған соққыларына менің көңілім толмайды. Бұл – мүлде қажетсіз әрі орынсыз әрекет. Владимир, тоқта! Аптасына 5000 сарбаз көз жұмып жатыр. Келіңіз, бейбіт келісімге қол қояйық, – деп жазды Трамп Truth Social желісіндегі парақшасында.
Еске салайық, 24 сәуірге қараған түні Ресей Украинаға жаппай соққы жасады. BBC-дің Орыс қызметі кемінде 8 адамның қаза тапқанын, бірнеше ондаған адамның жараланғанын хабарлады. Кейбір тұрғындар үйінді астында қалып қойған, олардың бірі 8 сағаттан кейін құтқарылды. Украина билігінің мәліметінше, барлығы 90 адам зардап шеккен, оның 44-і ауруханада жатыр.