Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:07, 30 Қараша 2023

Алматыда хостел өртеніп, 13 адам көз жұмды

өрт
Фото: из открытых источников

Бұл туралы Төтенше жағдайлар департаменті 30 қараша күні сағат 05:33-те Әди Шәріпов көшесіндегі өрт туралы хабарлама түскенін мәлім етті.

Алдын ала ақпаратқа сәйкес, 13 адамның денесі табылған.

Сағат 08:40-тағы жағдай бойынша өрт орнынан 59 адам эвакуацияланды, оның үшеуі сағат 08:40-қа дейін жедел медициналық жәрдем ауруханасына жеткізілді.

"30 қарашада сағат 5:33-те Әди Шәріпов көшесіндегі өрт туралы хабар түсті. Өрт сөндірушілердің алғашқы тобы оқиға орнына 7 минут ішінде жетті. Олар барған кезде үш қабатты тұрғын үйдің жертөлесінің жанып жатқанын көрген, ғимараттың бірінші қабаты мен жертөлесі хостел ретінде жабдықталған. Өртті барлау және сөндіру кезінде 13 адамның денесі табылды, аты-жөндері анықталып жатыр" деп хабарлады Алматы қалалық төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметі.

Әзірге толық емес ақпарат бойынша, олар газдан уланып қайтыс болған болуы мүмкін. Хостелде 72 адам болған, 59 адам өздігімен сыртқа шығып кеткен.